«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт әкімшілігі

30.07.2020, 12:48

14

      Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Қазақстанда «жасыл экономиканы» енгізу дәстүрлі және жаңа өндірістерді құруға зор мүмкіндік береді. Дүниежүзілік тірі табиғат қоры, WWF Living Planet Report орталығының есебінше, «жасыл экономика» тұжырымдамасы экономикалық дамудың жаңа моделі ретінде ұсынылып отыр.

      Негізінен, жасыл энергияға ауысудың мақсаты – экономиканың барлық салаларында реформалар мен экологиялық инвестицияларды ынталандыратын саясатты ілгерілету. Атап айтқанда, «жасыл экономикаға» көшу кезінде үкімет пен азаматтар табиғи капиталды инвестициялау арқылы негізгі экологиялық проблемаларды шешуі керек. Бұл дегеніміз – қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, ормандарды қорғау, суды ұтымды пайдалану және тұщы су экожүйелерін бөлу, балық аулауды бақылау.

     Бүгінгі таңда Қазақстан үшін «жасыл экономика» қағидаттарына көшу неліктен маңызды? Мамандардың байыптауынша, бұл елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ете алады. Мысалы, экономика ғылымының докторы, қоғамдық кеңестің экологиялық комиссиясының төрағасы, «жасыл» қоғамдық ұйымдардың құрылтайшысы және жетекшісі Салтанат РАХЫМБАЕВА бұған қатысты былай дейді:

    – Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша – тоғызыншы, табиғи ресурстар бойынша – бесінші, ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі бойынша үшінші орын алады. Егер сауатты түрде әрекет етсек, елді оазиске айналдырып, әлемнің жартысын таза ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге болады. Әлемді өзгертудегі 17 мақсаттың 15-ке жуығы «жасыл экономикаға» байланысты. Сонымен бірге биылғы жобалардың көпшілігі, әсіресе коронавирус өсіп келе жатқан жаһандық дағдарыс жағдайында ауылдық жерлерді қолдауға бағытталған. Аграрлық индустрия карантиндік шаралардан аз зардап шегеді. Ауылды жандандыруға деген көзқарасымыз ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін күшейтуге негізделген.

      Маманның пайымдауынша, Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып «жасыл өсуге» көшудің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін жасады. Бұған қатысты бірқатар заңнамалық құжаттар, соның ішінде Экологиялық кодекс (2007 ж.), «Экологияның жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң (2009 ж.) және «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы (2013 ж.) қабылданды. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы халықтың өмір сүру деңгейінің артуына, Қазақстан экономикасын қайта құруға мүмкіндік беретін өзгерістердің негізін құрайды. Бұл – әсіресе көптеген жылдар бойы экологиялық жағдайы нашар қалалар қатарындағы Алматыға қатысты үлкен үміт сыйлап отырған жоба.

     Бұған қатысты Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасарыАзамат ҚАЛДЫБЕКОВ:

    – Алматы – Қазақстандағы ең үлкен мегаполис. Ауаның ластануы аймақтың климаттық және табиғи ерекшеліктеріне байланысты әлемнің барлық мегаполисі проблемалармен бетпе-бет келеді. Бұл мәселені шешуде біз ең жақсы әлемдік тәжірибеге сүйенеміз. Жасыл экономикаға өту шаралары тұжырымдама бойынша: су ресурстарын тұрақты пайдалану, ауыл шаруашылығын дамыту, өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, транспорт салаларында энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, ауаның ластануын төмендету, экожүйелерді тиімді басқару және сақтау. Алматы қаласының негізгі даму мақсаттарының бірі  таза қоршаған орта және табиғи ресурстарды сақтау, тұрғындар үшін жайлы экологиялық аймақ қалыптастыру болып отыр. Бұл – жасыл экономиканың басты талабы, – дейді. 

     Жалпы, экологияны жақсартуға қатысты билік көптеген халықаралық қаржы институттарымен және стратегиялық серіктестермен тиімді қарым-қатынастар орната білді.  Мәселен, Қазақстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (GBPP) арқылы тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты алға жылжытып келеді.  

     Қазақстанның жасыл қаржысы  жобасын ұсынып жүрген  AIFC Green Finance Center Ltd жасыл жобалар департаментінің директоры Манас Гиждуаниев:

   – Жасыл қаржыландыру – бұл «жасыл экономикаға» көшуге мүмкіндік беретін буын. Қазіргі уақытта Қазақстан жасыл облигациялар нарығын дамытуда. Осылайша 2019 жылы біздің ел Париж келісімін ратификациялады, оған сәйкес, парниктік газ шығарындыларын азайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қабылдау туралы міндеттемелер қабылданды. Сонымен қатар біз «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын қабылдадық, оның аясында Қазақстан 2050 жылға қарай елдің энергетикалық балансында баламалы және жаңартылатын энергия үлесінің 50 пайызына  қол жеткізуді мақсат етіп отыр, – деді.

     Жалпы, Дүниежүзілік банктің есебінше, Қазақстанда жасыл технологияларды енгізу нәтижелері туралы болжамдар жақсы. Атап айтқанда, «Жасыл экономиканы» енгізу Қазақстан экономикасының энергия тиімділігін 40-60 пайызға арттырып, су тұтынуды 50 пайызға төмендетеді деп айтылады.

      Бағдарламаны іске асыру үшін талап етілетін жалпы инвестициялар 2014-50 жылдар аралығында орташа есеппен жылына 3-4 млрд долларды құрайды. Жыл сайынғы ең үлкен инвестициялар 2020-24 жылдары қажет болады, бұл жалпы ішкі өнімнің 1,8 пайызын құрайды. Қаржыландырудың көп бөлігі жеке инвесторлар есебінен болады деп жоспарлануда.

      Міне, осылайша елде «жасыл экономиканы» жаңғырту жобалары қарқынды түрде жүзеге асырылмақ. Алдағы уақытта біздің үкімет алдында  осы шаралар  арқылы «қазақтың бай табиғатын өркендете алсақ» деген мақсат бар. Ендеше, сол мақсат мығым болсын деген сенім артамыз.

Еркежан АРЫН

Алматы қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 21:08
Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 15:01
Бұрынғы Денсаулық вице-министрі "500 миллион теңгені жымқырды" деген күдікке ілінді
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 14:08
Nur Otan елордада, Алматы мен Шымкентке қатысты қандай уәде береді?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 12:40
Парақорлардың аяғына тұсау-браслет салына бастады
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 11:35
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 10:28
Қазақстан халқы 1,3 пайызға өсті

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21.09.2020, 21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13