Көші-қонға пандемия кедергі емес

Сайт әкімшілігі

30.07.2020, 13:00

103

               

      Тәуекелге бел буатындар үшін өмір кедергісіз қозғалыс. Мақсаты айқын, ерік-жігері зор отандастарымыздың күнкөріс тенденциясына пандемия да   кедергі келтірмейтінге ұқсайды.

                                    Елге ел қосылса – құт

      Үстіміздегі жылдың алты айында 609 адам өңірге көшіп келген. Атамекенге бұрнағы жылдары оралған олар бұған дейін өзге облыстарда тұрған. Қандастарымыз Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан және Қытай Халық Республикасынан қоныс аударған. Олардың барлығы Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2019 жылы кенді өлкеге мекендеуге бет бұрған 1409 ағайынның барлығының қолында  ел азаматтығын айқындайтын ресми құжаты бар.

                                Білімділер көшіп жатыр          

      Қарағанды облысының миграция үдерісінде көшіп келушілерден гөрі кететіндер басым болып тұр. Биылғы жартыжылдықта 1511 тұрғын өзге елге қоныс аударды. Елді тастап кеткен 1245 адамның бағыты Ресей Федерациясы болса, 195-інің қоныстанған жері – Германия Федеративтік Республикасы. Аймақтық көші-қон қызметі басқармасының ресми мәліметіне сүйенсек, өңірдегі мигранттар көбіне-көп жоғарыдағы екі мемлекетке таңдау жасайды. 2019 жылы Қазақстаннан біржолата кеткен 6542 қарағандылықтың 5603-і Ресейде, 730-ы Германияға тұрақтаған. Шекара асқан азаматтардың дені жоғары білімді әрі  еңбекке жарамды жандар.

                             Кетуге не себеп?

       Бәсекеге қабілетті отандастарымыздың Ресей мен Германияға көшуіне біздегі әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Әлеуметтанушылардың пайымдауынша, әлем қазір адамзат баласына  сан алуан күнкөріс таңдауын ұсынып отыр. Осы үдерістің  ықпалын да ескерген жөн. Бұл тұрғыда еліміздегі экономикалық салдардың маңызын ұмытпаған ләзім. Экономика ғылымының кандидаты Бәтжан Ақмолдина қазақстандық  жұмыс берушілердің жадына сақтайтын мына  жайтты еске салды:

  – Мигранттарға жоғарыдағы мемлекеттерде еңбек келісімшарттары қолайлы. Дамыған елдерде жалақы мөлшері жоғары әрі тұрақты және оған кепілдік бар. Бұл шарттардан таңдау жасаушы үміткердің бас тартпайтыны хақ. Осы жағдайлар шешілсе, адамның қалған қажеттіліктерге оңай қол жеткізетіні белгілі.

                       Халықты қайтсек тұрақтандырамыз?

       Әлемдік экономиканың қысымына жиі ұшырайтын еліміздің нарық талабына  төтеп берудегі талпынысын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ қауқары әлі  кемшін. Ол үшін мемлекет алдымен тұтыну рыногындағы қауырт жағдайда ұлттық валюта мен еңбек нарығын тұрақтандыруға баса назар аударуы керек. Әлеуметтану ғылымының докторы Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, біздің үкіметке шетелдің білім беру жүйесі мен еңбек нарығын қырағы бақылап отыру қажет.

     Түптеп келгенде, жерлестеріміздің  шетелге көшу себептері әртүрлі. Дегенмен олардың негізгі мақсаты – адами капиталын дамытып, балаларын жаһандық талапқа сай тәрбиелеп, өсіріп-жеткізу.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағанды қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбіт ОСПАН 24.09.2020, 09:40
Ұлттық тіл қымбат па, қызмет қымбат па?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:26
Еліміздің 11 өңірінде үсік жүріп, жайын-шашын болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2020, 09:43
Алмат ҚОДАСБАЕВ: Адам жанын арашалауға ұмтылыс жеке басқа деген қауіпті ұмыттырды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:09
Бидай қымбаттады, енді нанның бағасы өсе ме?
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 17.09.2020, 10:24
Бауыры суық қоғам және ағаның жан жылуы
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:45
Министр шешілмей жатқан түйінді «әлсіз ұстаздарға» артқысы келе ме?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39