«Нан таппай қаламыз ба?!» - халықты үрей билеп тұр

Сайт Әкімшілігі - 30.07.20201785

                          

     Әлемдік пандемияның пәрмені қос өкпеден қысқалы халық арасында күмән мен үрей дендеп тұр. Тіпті «күзге таман экономикада қатты тоқырау басталады, жұмыссыздық етек алып, нан таппай қалу қаупі басым болады» деген болжамдар да айтыла бастады. Қарапайым халық қазір осындай пікірлерге сеніп қалып жатыр. Өйткені осы уақытқа дейін үкіметтің «барлығы жақсы» дегенінен құлағы сарсыған ел өз бетінше қарекет етуге көшті. Тіпті мына індеттен өзін-өзі емдеп, қиындықта өз жарасын өзі таңып, қажетті дәрі-дәрмекпен, тыныс алу аппараттарына дейін бірлесіп ақша жиып, өзі сатып алған елдің атқарушы билікке ендігі айтары «сенгенім сен болсаң» дегенге саяды.

        Наурыз айында төтенше жағдай басталған тұста «ашықтық» деп алақан жайғандардың қарасы көп болды. «Жас Алаш» бұған қатысты бірнеше зерттеу мақалалар жазды. Қазірдің өзінде қоғамда күн сайын жағдайын айтып жабыққан жандардың қатары көп. «Бірді-бірге жеткізе алмай отырмыз, жағдайымыз өте төмен, ашығып қалдық» дегендердің басым бөлігі бүгінде «енді бізге көмектесетіндер болмаса, азық-түлік тапшылығына ұрынып, нан таппай қалмаймыз ба» деген сауал төңірегінде бас қатыра бастады. Ал сала мамандары «қажетті шараларды қабылдай алсақ, бұл қиындықты да еңсерер едік» дейді.

               Халық ет пен нанды үнемдей бастапты

      «Іздегенге – сұраған» дегендей, елдегі «Аналитик» әлеуметтік-экономикалық консальтингтік-зерттеу орталығы осыған байланысты республика халқының бір жылда қанша азық-түлік тұтынғанын санамалап көріпті. Орталықтың  экономист-сарапшысы Олег Лурьевтің айтуынша,  Қазақстан халқы қазір жыл сайын жан басына шаққанда 40-45 келі ет,100 келі нан, ай сайын жан басына шаққанда 20 литрдей сүт тұтынады екен.

         Осыған орай, сарапшы Олег Лурьев былай дейді:  «Қазір әлем жұртшылығы азық-түлік дағдарысына ұшыраудың алдында тұрғанда, үкіметтің күнде бас ауыртып ойланатын өзекті жайттарының бірі осы болуы қажет. Бір айда халыққа қанша ет, сүт, нан қажет? Халық ай сайын қанша мөлшерде азық-түлік тұтынады? Отандық өнімнің үлесі қанша? Осы жағы есепке алынуы тиіс. Мысалы, 1960-70 жылдары Қазақстан халқы адам басына шаққанда жылына 50 келі ет жепті. Ал 1990 жылдары бұл көрсеткіш 70 келіге дейін жеткен. Ал қазір қазақтың саны өсіп жатыр дейміз, адам басына шаққанда орташа бір жылда жейтініміз – 40-45 келі ет. Бағамдасақ, 1960 жылғы көрсеткішке дейін төмендеп кеткенбіз. Біз нанды пайдалануда да жоғары көрсеткішке жетпеппіз. 1960 жылы 140 келі нан жесек, қазір жан басына шаққанда жыл сайын 100 келі нан жейді екенбіз. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан нақ қазір біз үшін азық-түлік қауіпсіздігін қайта қарау қажет.  

                   Елді ашықтырмаудың жолы не?

Р   Мамандардың пайымдауынша, біз үшін азық-түлік қауіпсіздігін сақтау шараларын сауатты меңгеру өте маңызды. Бұл ретте мамандар «қазіргідей қиын сәтте халықтың ас-ауқатын осы бастан жүйелеген абзал» деп отыр.
Айтуларынша, алдағы уақытта біз елімізде азық-түлік өнімдерін өндіретін өндірісшілер саусақпен санарлықтай екенін ескеруіміз керек. Олардың өзі ішкі нарықты қамтамасыз ете алмай отыр. Біз шұжық, сүт-айран, сүзбе, сары майды шетелден әкелеміз. Жетіспейтін өнім түрлерін шетелдік тауарлар толтырады. Айналып келгенде, азық-түліктің 40 пайызы ғана өзімізде дайындалады. Әлемдік стандарт бойынша әр ел азық-түліктің 84 пайызын өзінде шығаруы тиіс. Өйтпеген күнде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз болады да, ондай ел азық-түлік тапшылығына жиі ұшырайтын көрінеді.


Тақырыпқа тұздық

             Материалдық базамызды нығайту керек

        Тақырыпқа орай, бізге пікір білдірген ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Ертай МОЛДАЖАНОВ былай деді:

    – Қазақстан тәрізді негізгі фундаменті аграрлық ел болып қалыптасқан мемлекетке тек мұнай-газ саласына ғана иек арту қолда бар мүмкіндікті бос жіберу деген сөз. Азық-түлік нарығындағы беделімізді көтеру үшін алдымен материалдық базамызды нығайтуымыз керек. Біз экспортқа астық шығарудан озықпыз. Бірақ басқа саладан құралақанбыз. Бізде өсімдік өсіру саласы мен мал шаруашылығы да тұралаған. Жеміс-жидекті өзбек пен қытайдан тасып, инфляцияның еселенуіне өзіміз жағдай туғызып отырмыз. Ауылдағы ағайын өндірген сүт-айранын, етін сатуға шығара алмай әлек. Осы күнге дейін өнімді шаруаның қолынан тікелей базарға шығаратын сату жүйесі орнаған жоқ. Арадағы делдалдар бағаны өсіріп, табысқа белшесінен батып жүр. Ауылға қаржы бөлуде де делдалдықтан арыла алмай отырмыз. Осы кемшіліктерді жойып алмай,  азық-түлік өндіруде бәсекеге қабілетті бола алмаймыз. Сондықтан алдымен осы жайттарға мән берілуі тиіс. Сонда біздің ел «болашақта азық-түлік таппай қалмаймыз ба, нан таппай қаламыз ба» деген сауалдарға бас қатырмайтын болады.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды