Құқық қорғаушы түрмедегі Арон Атабектің денсаулығы нашар екенін айтады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.07.2020285

Павлодардағы АП-162/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 67 жастағы диссидент, ақын Арон Едігеевтің (ақынның лақап тегі – Атабек) денсаулығы нашар. Бұл туралы 30 шілдеде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

– Маған келген ақпаратқа сай Арон Атабек ауырып жатыр. Нақтысын білмеймін. Түзету мекемесіне белсенділер телефон шалған, ондағылардың бірі "жақсы" деген. Карантин болғандықтан адвокат жібере алмай отырмын. Сондықтан Әзімованы (Қазақстан бойынша адам құқығы жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ) Атабекпен онлайн кездесіп, жағдайын білсін деп сұрап отырмын, – дейді құқық қорғаушы Азаттыққа.

Азаттық күні бойы колонияға хабарласқанымен ондағы кезекші бөлімдегі қызметкер "ешқандай ақпарат бере алмайтынын", ал санитарлық бөлім қызметкері "басшылықтың жоғын" айтты.

Ал қылмыстық-атқару жүйесінің Павлодар облыстық департаментінің түстен кейін жіберген жауабында Едігеевтің жағдайы "қанағаттанарлық" екені жазылған.

"Сотталушы А. Едігеевті 29 шілдеде мекеме дәрігері қарап, дене қызуы және басқа да күдікті симптомдар байқалмағандықтан ешқандай ем-дом белгіленбеген" делінген жауапта.

Алайда құқық қорғаушы Төреғожина "30-ы күні Арон Атабектің жағдайы туралы жазатынымды біліп, тексеруді алдын ала жасаған ба?" деп бұл хабарламаға сенімсіздік білдіріп отыр.

Ал қылмыстық атқару жүйесінің Павлодар облыстық департамент өкілі "біз Едігеевтің денсаулығына қатысты ақпарат шығатынын алдын ала білген жоқпыз, дәрігер үнемі оны бақылап отырады, соңғы рет 29 шілдеде болған" деді.

Биыл 14 шілдеде "Шаңырақ оқиғасына" 14 жыл толды. 2006 жылы дәл осы күні Алматының шетіндегі "Шаңырақ" ықшам ауданында "жер телімдерін заңсыз иеленіп үй салды" деп айыпталған тұрғындар мен олардың үйлерін қиратуға келген полиция арасында қақтығыс болған. Жаппай қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей Әсет Бейсеновтің үстіне белгісіз біреулер бензин құйып өртеп жіберген. Денесінің 70 пайызы күйіп кеткен ол 12 күннен кейін Алматыдағы №12 ауруханада көз жұмған.

"Шаңырақ оқиғасы" бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот 2007 жылдың күзінде төрт адам – Арон Едігеевті (Атабек - әдеби бүркеншік есімі) 18 жылға, Құрманғазы Өтегеновті 16 жылға, Ерғанат Тараншиевті 15 жылға және Рүстем Тұяқовты 14 жылға соттаған.

Бұған дейін Ерғанат Тараншиев пен Рүстем Тұяқов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.

2010 жылы Арон Атабекке "Тұтқындағы шығармашылық иесі" (Imprisoned аrtist) номинациясы бойынша Freedom to Create халықаралық сыйлығы берілген. Еуропарламент 2019 жылы наурыздың 14-і күні Қазақстан туралы қабылдаған қарарында "қазір қамауда отырған барлық белсенділер мен саяси тұтқындарды", соның ішінде Арон Атабекті дереу босатуға шақырған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды