Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда ақпарат технологияларының қолданысы артуда

Сайт әкімшілігі

31.07.2020, 08:36

78

Адамдардың құқықтық санасының жай-күйі, кез келген факторларға қарағанда, олардың моральдық денсаулығының жай-күйімен анықталады. Құқықтық ақпараттың негізгі көздері:

·        бұқаралық ақпарат құралдары,

·        мұғалімдер,

·        ата-аналар және

·        әлеуметтік орта.

Құқықтық тәрбие заңды құзіреттілікті қалыптастыру, құқықтық өзін-өзі тануды дамыту, әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, басқа адамды түсіну қабілеті, мінез-құлықтың зорлық-зомбылықсыз моделіне назар аудара отырып, түрлі өмірлік жағдайлардағы дағдыларды дамытудан білім, білік, құндылық нұсқаулықтарын беруден басталады.

Қазіргі қоғам және әсіресе азаматтардың жас буыны ақпараттарды Интернеттен, әлеуметтік желілерден, ұялы телефон қосымшаларынан көбірек алуда және ең алдымен оларды сол жерде оқыту керек, сонымен қатар олар әртүрлі гаджеттердің негізгі тұтынушылары болып табылады. Бұл жас ұрпақты тәрбиелеу ұзақ мерзімді стратегиялық нәтиже береді.

Мысалға, осы жылдың 27-28 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық-құқықтық сарапшыларды тарта отырып Халықаралық зияткерлік меншік күніне орайластырылған «Интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбында екі күндік онлайн-тренинг ұйымдастырып өткізді.

Бұл тренингтің негізгі мақсаты – интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін зерттеу, сонымен қатар басқа елдердің осы саладағы тәжірибесімен танысу.

Тренингтің фокус-тобы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасы әділет органдарының өкілдері.

Екі күндік онлайн-тренинг барысында халықаралық сарапшылар цифрлық әлемдегі зияткерлік меншік туралы материалдарды ұсынды, мысалы:

ü цифрлық авторлық құқық және сабақтас құқықтар,

ü сандық ортадағы авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау құралдары,

ü сауда белгілері және интернет желісіндегі басқа да белгілер,

ü домендік атаулар,

ü тауарлар мен қызметтердің атаулары мен сауда белгілері,

ü бағдарламалық жасақтамаға патенттер және патент қабілеттілігін растау және тағы басқалар.

Халықаралық сарапшылар мен семинарға қатысушылар жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға белсенді түрде қатыса отырып, интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, іс-шараның нәтижесінде қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық ақпарат қызметі елде төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты құқықтық мәселелерді онлайн қызметте түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы уақыт аралығындағы сұраныс саны 30% артты:

— Call-орталық арқылы 5000 азаматқа кеңес берілді;

— 3000-ға жуық адам интернет-мессенджер арқылы өз сұранысына жауап алды.

Бұл қызмет демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күн сайын 10: 00-ден 17: 00-ге дейін кеңес береді. Сонымен қатар, аумақтық әділет органдары, еріктілер және құқықтық қоғамдастық өкілдері онлайн-кеңестер беріп отыратындығын атап өткен жөн.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42