Дін саласының заңнамалық реттелуі – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі

Сайт әкімшілігі

31.07.2020, 15:44

24

2020 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның арнайы қызметтері Қарағанды мен Тараздағы халық көп жиналатын жерлерде террористік шабуылдар дайындады деген күдікпен бес адамды қамауға алған болатын. Ұсталған адамдарды қамауға алу мерзімі – екі ай. Бес адамның барлығы да бұған дейін ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандығы аталып өтілді.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік топты құру және оған басшылық жасау, оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін, Росгвардияның мәлімдеуінше, 2019 жылы Солтүстік Кавказдағы террористік ұйымдардың 26 қатысушысын залалсыздандыра алған. Сондай-ақ 190-нан астам бандиттік құрылымдардың инфрақұрылымдық нысандарын анықтап жойған.

14 қаңтарда Ұлттық комитет ДАИШ-тің (тыйым салынған «Ислам мемлекеті») нұсқауы бойынша Алматыда террористік актілерді дайындап жатқан шетелдіктерді ұстады.

Қазақстан Республикасы, көптеген мемлекеттер сияқты, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында қауіп-қатерлерді бейтараптандыру, сондай-ақ экстремистік және террористік көріністердің алдын алудың ұлттық жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды шараларды жүзеге асыруда.

Көлік полициясы департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Ерлан Алимов осы мәселеге қатысты:

— Антитеррористік іс-шараларды атқаруда маңызды рөл ішкі істер органдарына жүктелген, олар өздеріне берілген өкілеттіктермен қатар терроризмге осал объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды және олардың жетекшілерінің Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген «Терроризмге қарсы тұру( талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады», — деді.

Е. Алимовтың айтуынша, 2020 жылы Департамент Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Терроризмге қарсы қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес Астана, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдіктерінің тізіміне енгізілген терроризмге осал объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігінің жағдайын тексеруді жалғастырады.

Террористік осал объектілердің меншік иелері, жетекшілері, менеджерлері немесе басқа лауазымды тұлғалары, меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ террористік осал объектілерге күзет қызметін ұсыну туралы келісім жасасқан қауіпсіздік органдарының осы міндеттемелерді орындамауы осы міндеттемелер үшін Қазақстан Республикасының заңына сійкес жауапкершілікке әкеп соғады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық тарула кодекстің 149-бабына сәйкес бақылау тексеруінің нәтижелері бойынша бұйрыққа сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда, әкімшілік хаттама жасалады және осы кодекстің 462-бабына сәйкес әкімшілік материал жасалады.

Еркежан Арын

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43