«Нұр Отанның» бұрынғы мүшесі «Ақ жолдың» атынан сайлауға түседі

Дерек көзі: www.azattyq.org - 24.04.20192219

«Ақ жол» пропрезиденттік партиясы президенттік сайлауға түсетін кандидатын анықтады. Ол – мәслихат депутаты Дания ЕСПАЕВА. Партияның кезектен тыс XV съезінде Талғат ЕРАЛИЕВ, Қуат РАХИМБЕРДИН Асан ҚОШМАМБЕТОВ, Серік ЕРУБАЕВ және Евгений КИНЦЕЛЬ сайлауға түсуге ықылас танытқан еді. . 

Сайлауға дейінгі «сайлауда» Дания МӘДИҚЫЗЫ жеңіске жетті. Оны съезде 175 адам қолдап, «Ақ жол» партиясының атынан 9 маусымда өтетін президенттік сайлауға түсетін болды.

«Қазақта әйел еркектің алдына шықпаған. Әйел өз орнын білу керек деген сөздерді естіп қалдым. Бұл сөздер менің шымбайыма батты. Неге жемқорлық бойынша істі болып жатқан әйелдер жоқ деп ойладым. Бізде жемқорлар кім? Көбіне еркектер. Әйелдер бар жерде тәртіп бар», - деді партия жиынында сөз алған Дания Еспаева.

Қазақстанда әйелдердің саны 52 пайыз деген мәжілісмен президент болып сайланған жағдайда, көп балалаы аналардың мәселесімен айналысатынын айтты.

Қазақстан тарихындағы президенттікке кандидат тұңғыш әйел үміткер. Отыз жылдай банк-қаржы саласында еңбек еткен. 2008, 2012-2016 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі болған. Әлихан БӘЙМЕНОВТАН кейін «Ақ жол» партиясына төраға болып Азат ПЕРУАШЕВ келгенде билік партиясынан кетіп, ақжолдықтардың қатарына қосылған.

Фото: parlam.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.