Әміржан Қосанов президенттік сайлауына үміткер

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.04.20191411

"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан президент сайлауына ұсынылған үміткер Әміржан ҚОСАНОВ Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.

Дос КӨШІМ басқаратын «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы 9 маусым күні өтетін президенттік сайлауға қатысуға ынталы. Олардың кандидаты – Әміржан Қосанов. 90-жылдардан бері оппозицияда жүрген саясаткер қоғамдық ұйымның ұсынысын қабыл алды. Сондай-ақ, сайлау алды компания кезінде «шындықтан қашып құтыла алмайсың» ұран ретінде пайдалануы мүмкін екенін де айтты. Бір кезде Ғани ҚАСЫМОВТЫҢ әнін тыңдап бес қойған Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВТЫҢ «емтиханын» да тілге тиек етті.

«Ресми кандидат болып тіркелу үшін бірнеше процедуралар бар. Әрине соның ішінде мемлекеттік тілден емтихан тапсыруым тиіс. Мен мектепті, ЖОО қазақ тілінде оқыдым. Бұл сынақтан өтпеуім мүмкін емес. Егер өтпеген жағдайда М. Жолдасбеков оны дәлелдеуі тиіс», - деді саясаткер.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.