«Кандидаттар арасындағы дебат тікелей эфирде өтеді»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.05.20191219

ҚР президентіне үміткер кандидаттар арасында дебат тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ мәлімдеді.

«Менің білуімше теледебаттар болады-ау. Және тікелей эфирде өтеді», - деді министр журналисттерге.

9 маусым күні өтетін президенттік сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары 12-мамыр күні басталып кетті. Кандидаттарды тіркеу 8-мамыр күні аяқталған еді.

Кандидаттар арасындағы дебат Украинадағы президенттік сайлаудан кейін Qaznet-те қызу талқыланды. Мәселен бұған дейінгі сайлауларда отыз жылға жуық билік еткен Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ дебатқа шыққан емес. Қызық, «Нұр Отан» партиясының ендігі кандидаты Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ телесайысқа түсе ме екен?

Фото: tengrinews.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.