«Рамазан айында саяси тұтқындарға бостандық беріңіз»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.05.201910289

Қазақстандық құқық қорғаушылар Қазақстанның уақытша президенті, «Нұр Отан» партиясынан президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтан Арон АТАБЕК, Мұхтар ЖӘКІШЕВ, Макс БОКАЕВ сынды азаматтарды босатуды сұрайды.

«Биыл сайлау алды кампаниясы Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Амнистия жариялауға болады. Саяси шешім қабылдап, тарихи миссияны атқаруыңызға болады. Түрмеде отырған бір қатар саяси тұтқындарды босатсаңыз», - делінген Қазақстанның уақытша президентіне жазылған ашық хатта.

Ашық хат иелері Макс БАҚАЕВ, Арон АТАБЕК, Мұхтар ЖӘКІШЕВ, Ескендір ЕРІМБЕТОВ, Махамбет ӘБЖАН, Абловас ЖҰМАЕВ, Алмат ЖҰМАҒҰЛОВ, Кенжебек ӘБІШЕВ, Әсет ӘБІШЕВ, Сәкен ТУЛБАЕВ, Санат БӨКЕНОВ, Игорь СЫЧЕВ, Игорь ЧУПРИН, Руслан ГИНАТУЛЛИН, Ярослав ГОЛЫШКИН және тергеліп жатқан Қайырлы ОМАР, Серікжан БІЛӘШ, Ержан ЕЛШІБАЕВҚА араша сұрап отыр.

Ашық хатты facebook.com әлеуметтік желісіне жариялаған Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА, Ғалым АГЕЛЕУОВ және журналист Розлана ТАУКИНА хат соңына ФБ қолданушыларына қол қоюды сұраған. Қазірдің өзінде елуден аса адам бұл хатқа қол қойған.

Фото: allinfo.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.