Ақтөбеде хиджаб дауына байланысты 72 оқушы сабаққа келмей отыр

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.03.2018448

Ақтөбеде орамалды оқушылар әлі сабаққа бара алмай жүр. Екі тоқсан бойы мектепке келмегендері үшін қыздар келесі сыныпқа көше алмай қалулары да мүмкін.  Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтып отыр. Жалпы, оқу жылы басталғанда сабаққа 396 оқушы хиджабпен келген. Үшінші тоқсанның басында орамалды 340 оқушы болса, ата-аналармен әңгімелесуден кейін 268-і баламызды тиісті мектеп формасымен жібереміз деп келісімге келген. Қазір 72 оқушы сабаққа келмей отыр.

- Оқушылардың  арасында  екі  тоқсан бойы сабаққа келмегендері бар.  Бұл жөнінде  біз министрлікке хат  жазып отырмыз, себебі, қалай дегенде де бұл біздің балаларымыз. Сабаққа келмегендіктен  мектеп бағдарламасынан қалып қойып жатыр.  Егер бала осылай қала берсе, әрине, заң негізінде  ол сыныптан-сыныпқа көше алмайды,- дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Мектеп формасына қатысты мәселе аймақтағы күрделі тақырыптардың бірі екенін облыстық дін істері басқармасының басшысы да жоққа шығармады.

- Кейбір азаматтар  мектепте хиджапқа жол берілмеуін конституцияға  қайшылық ретінде бағалап жүр.  Бұл  жерде азаматтыр құқықтық сауаттылықты толық игермеуінен осындай пікір қалыптасқан. Шын  мәнінде мемлекеттің барлық құқықтық  нормалары Конституциядан бастау алады. Басын ашып алатын бір мәселе,  ата заңда  діни сенім бостандығы деген ұғым жоқ.  Ата Заңымызда ар-ождан бостандығы деген  ұғымның  аясы қамтылады. Ал мектеп киіміне қойылатын негізгі талаптар  білім және ғылым  министрлігінің бұйрығымен бекітілген.   Ол жерде  әртүрлі діни конфессияларға қатысты киім  элементтерін қосуға болмайтындығы да атап көрсетілген. Бұл мектепте хиджап киюге  үзілді кесілді тыйым салынатындығын көрсетеді, -деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас ҚАЛМАҒАНБЕТОВ.

 

Теологтар мен педагогтар қыз балалардың мектептегі киіміне қатысты мәселені заңға негізделген ереже, талаптармен түсіндіріп жатыр. Бірақ, оған құлақ аспай жатқандар да баршылық. Ата-аналық міндетін дұрыс атқармағандардың үстінен әкімшілік хаттама толтырып жатыр. Бүгінде 18 адамға cоттың шешімімен 5 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. Жалпы, оқушы қызын хиджабымен сабаққа кіргізбегені үшін басқа қалаға апарып оқытуға бекінгендер де болды. Білім басқармасындағылардың айтуынша, үшінші тоқсанда 32 оқушы отбасымен  Алматы мен Шымкентке қоныс аударған. Алайда, көшуге не себеп болғанын ашып айтапты.

Зада Зейін

Ақтөбе облысы

Фотоcуретті түсірген автор

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды