Қырғыз президенті көпшілікпен бірге ұшады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 15.04.2018200

Бүгін 14 сәуір күні Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ Ошқа қарапайым рейспен ұшты. Мемлекет басшысының көпшілікпен жолға шыққанын жолаушылардың бірі байқап қалған. Бұл туралы zhasalash.kz kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=OvhKurAzo64 kaktus.media сайтының хабарлауынша, Қырғыз басшысы туған жері Ош облысы, Қара-Құлжа ауданына қазаға барған. Оның Қанторы ТОҚТАМАТОВ атты ағасы 69 жасына қараған шақта дүниеден озған. Қырғыз президенттерінің арнайы ұшақтан бас тартуы бірінші рет емес. 2010 жылы (сол кездегі президенті) Роза ОТЫНБАЕВА он бес үкімет мүшесімен АҚШ-қа ресми сапарға чартерлік рейстен бас тартып аттанған еді. Қатардағы рейспен ұшу бастамасын Роза Отынбаева көтерген болатын. Сол сапарда олар 250 мың АҚШ долларын үнемдеп қалған.

Фотолар: sputnik.kg, 24.kg

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.