Алматыда тастанды екі сәби табылды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 17.04.2018552

Алматыда екі бірдей тастанды нәресте табылды.Туғанына бір ай болмаған сәби 10 сәуір күні Райымбек батыр мен Күдерін көшелерінің қиылысындағы жер асты өткелінен табылған. Ал екіншісі 7-8 айлық бала 11 сәуірде Ұлықбек пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жатқан. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының ақпараттар қызметі хабарлайды. Бірінші табылған шақалақ қыз бала. Сасық әрі қоқысқа толы жер асты өткелінде сәбидің шырылын әуелі жаяу өтушілер естіген. Бірден жедел жәрдем шақырыпты. Басында көк қалпақ, көк көрпемен оранған. Үстінде қыздың туған күні жазылған бір жапырақ қағаз болған. Яғни сәби 21 наурыз күні дүниеге келсе, 10 сәуір күні безбүйрек шешесі осында тастап кеткен. «Жедел жәрдем баланы ауруханаға уақытында алып келді.Әйтпесе, әбден тоңып қалған шақалақтың өміріне араша бола алмас едік. Онсыз да, шала туыпты. Салмағы бір келі 900 грамм қыз бала вакумда жатыр»,- дейді Алматы қалалық балалар жұқпалы ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлназ ЕЛЕНБАЕВА. Бұл ауруханаға ертеңінде тағы да бір қыз бала түскен. Дәрігерлер бір аптадан бері ата-анасын іздеп жатыр. Оны да жедел жәрдем алып келген. Мамандардың айтуынша, нәрестенің дені сау, тәбеті жақсы. Тек екі көзі жәутеңдеп туғандарын іздеп көп жылайды екен. «Ата аналары келген жоқ. Ешкім іздеген жоқ. Біздің юристтер ата-аналары іздеп, табылмаса балалар үйіне жібереді»,- дейді дәрігер  Ақбота СЕЙЛОВА. Қос нәрестенің ауруханада жатқанына 5-6 күн болсада оларды іздеп келген ешкім жоқ. Дәрігерлер жаңа туған сәбиден бұрын екіншісіне алаңдаулы. Мүмкін ата-анасы жоғалтып алған болар деген үмітте. Полицейлер де іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Егер бейкүнә нәрестелердің ата-аналары табылмаса, құжат рәсімделіп, балалар үйіне өткізіледі.    

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?