Иттің басын кескен адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 21.04.2018108

Павлодарда ер адам көшеде жүрген итті үйіне кіргізіп, басын кесіп денесін терезеден лақтырып жіберген. Мұны көріп шошыған көршілері енді өз қауіпсіздіктері үшін алаңдап отыр. Куәгерлердің айтуынша, ер адам аулада жүрген итті кеше кешкі уақытта үйіне өзімен бірге ертіп кірген. Бұдан соң үй хайуанатының денесін терезеден лақтырып жібергенін көрші пәтерде тұратын тұрғындардың бірі аңғарыпты. Сөйтсе, ер адам иттің басын кесіп тастаған екен. Ал аулада жатқан жануардың денесін көрген тұрғындар полицияны шақыртыпты. -Бұл ер адам маскүнем, ішімдікке әбден салынған. Жұмыс та істемейді. Тубдиспансерде тіркеуде тұрғанын білеміз. Енді мынадай сұмдықды істеді. Оның аулада ойнап жүрген балаларды ренжітпейтініне кім кепіл?- дейді тұрғындардың бірі Нина МАМЕНОВА. Ал итті бауыздап тастаған ер азаматтың айтуынша, ол ит етінің құрт ауруынан көмектесетінін естіп білген. Сондықтан осылай істеуге мәжбүр болыпты.Араққа сылқия тойып алған ер адам есігінің алдына жиналған көршілері мен арнайы келген полицейлерге бұдан өзге ештеңе айта алмады. Қазір ол азаматтың үстінен қылмыстық кодекстің  316 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім ЖЕТПІСОВА, Павлодар

Фото автордікі

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.