Қарағандыда диплом көшірмелері заңсыз сатылған

Дерек көзі: www.azattyq.org - 23.04.2018187

Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі қызметкерлері Қарағанды қаласының үш колледжінен диплом көшірмесін заңсыз сатып келгенін анықтады. Садуғаш ҚҰЛЫМБАЕВА  1991 -1994 жылдар аралығында Қарағанды коммерциялық колледжді оқыған. 2017 жылы белгісіз себептермен, дипломның көшірмесі керек болған. Ол оқыған оқу орнына тиісті құжаттың көшірмесін сұрап келеді. Алайда, өтініш пен 1000 тенге талап еткен қызметкер тіптен, түбіртек берместен, көшірсені қолына ұстатады. Ол кезде Сандуғаш қаражатты заңсыз бергенін аңғармаған. Кейін білім ордасының мамандары өздері хабарласып, қаражатты қайтарып берген. «Мен диплом көшірмесін алуға келгенімде, өтініш пен ақша беруін сұрады қызметкер. Ол кезде көшірменің сатылатыны заңсыз екенін мен білмедім. Қаражатты берген үшін де еш түбіртекті талап етпеппін. Тек өтініш пен 1000 қабылдау бөліміне тастап кеттім. Тексеріс өткеннен кейін, берген қаражатты алып кет деп колледжден хабарласты.» Дипломның көшірмені осы уақытқа дейін сатып келген колледж басшысы Роза БАБЕНКО қателік кетті, біз білмей қалдық деп ақталуда. «Диплом көшірмесінің сатылып келгені рас. Алайда, біз білмей қалдық. Бізден қатедік кетті. Алған ақшалардың барлығы студенттерге қайтарылды. Ұжым арасынан да қызметтік тергеу жүргіздік. Тиісті адамдар жазаларын алды»,- дейді коледж басшысы. «Жасырын тұтынушы» тәсілімен тексеріс жүргізіп, қортыныдысында Қарағанды коммерциялық колледжі, Халықаралық бизнес академиясының Бизнес колледжінде және Медико – техикалық коллеждінде өрескел заңды бұзып келген қызметкерлері ескертуден қатаң сөгіске дейінгі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Қарағанды облысы бойынша оқу орыдарына тексеріс жүргізу барысында 16 заңсыз диплом көшірмелері сатылған фактісі тіркелді. 17 052 төлемақы қазір диплом көшірмелерінің иегерлерін қайтарылды», -  дейді Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы Жандос СӘРСЕНОВ.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.