Түрме бастығы сотталушылармен бірге қылмыс жасаған ба?

Дерек көзі: www.azattyq.org - 03.05.2018120

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық сотында судья Әлия САДЫҚОВАНЫҢ төрағалығымен Долинка кентіндегі 159\7 түзеу мекемесіндегі кісі өліміне қатысты сот отырысы басталды. Күдіктілер қатарына түрме басшылығы мен жазасын өтеушілер іліккен. Бұл туралы zhasalash.kz өңірдегі тілшісі Айман САҒАТАЙ хабарлайды.

Адам өліміне қатысты күдіктілер: 159\7 түзету мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бауырбек ШОТАЕВ, түзету мекемесінің жедел уәкілі Виталий ЗАРЕЦКИЙ және алты бірдей жазасын өтеп жатқан Тимур КИРБАЕВ, ТЮКОВ, КОБАЛЬ, ФЛОТСКИЙ, ЖАРАСБАЕВ, КРУШИНСКИЙ. [caption id="attachment_10639" align="alignnone" width="1051"] Мемлекеттік айыптаушылар[/caption] Түрме қызметкерлері мен жазасын өтеушілердің бұл қылмысқа қатысы қанша? Былтыр  Долинка кентіндегі 159\7 түрмесінде 1986 жылғы сотталушы Чупин мектептегі оқу барысында, тегін қате айтқан үшін мұғалімді балағаттаған. Түрме бастығы Бауырбек Шотаевтың туысы болып келген ұстаз басшыға шағым түсірген. Балағаттаған Чупинді қорқыту мақсатында сотталушы Тимур Кирбаевқа басшылардан «өтініш» түскен. Содан 2017 жылы 11 науырызында №  2  отрядтың сотталушысы Тимур Кирбаевтың ұйымдастыруымен Чупиннің зорлық – зомбылық азабынан тік ішегі зақымданып, іш құрылысысына жабық күйде қан кеткен. 19 наурыз күні 32 жастағы Чупин көрген қорлықтан көз жұмған. Тергеу барысында Тимур Кирбаев колония қызметкері Виталий Зарецкидің тапсырысымен жасалынған қылмысқа тағы да екінші отрядттың алты адамның қатысы бар екенін айтқан. Қылмыстық іс бір жыл тергелген. Алғашқы сот процессінде қанды оқиға болған күні қызмет еткен түрме қызметкері сұралды. Марқұм Чупин отырған төртінші отрядтың басшысынан да жауап алынды. Ол 2017 жылы 10  мамыр күні Чупинді екінші отрядқа кімнің бұйрығымен және кім оны алып кеткенін білмейтін болып шықты. [caption id="attachment_10636" align="alignnone" width="1051"] Сергей Швец[/caption] «Мен ол күні кезекші болдым. Чупинің менің отрядымнан екінші отрядқа ауыстырғаны жайлы маған сотталушы Щербанос айтты. Алайда, сотталушының күнделігіне мен ешқандай шағым, аразы жоқ деп жазып,  оның ауыстырғаны жайлы көрсеттім», -  деді төртінші отрядттың бұрынғы басшысы Сергей ШВЕЦ. (Қанды оқиғадан кейін С. Швец өз еркімен жұмыстан кеткен.) Бір қызығы сотталушының зорланғаны жайлы 2017 жылдың 20 мамыр күні ІІД-нен келген полицейлерден білген. Сонымен қатар, марқұмның анасы ерте кезде қайтыс болған екен. Марқұмның денесінен ешқандай да ұрып-соққан белгі болмаған. «Чупинның туыстарымен сөйлесетін мүскіндігі болмайтын. Мен таксафоннан байланысқа шығу үшін карточкамды беріп тұратынмын. Сонда ол азық түлік беріп жіберулерін өтініп, жылап тұратын. Ал, денесінде еш көгерген немесе басқа да жарақаттар болмады», деді Сергей ШВЕЦ сотта. Сегіз айтан бері 4 отрядта отырып, өлер алдында кімнің бұйрығымен 2 – отрядқа ауысып келгенін (2)  отрядтың бұрынғы басшысы Алексей ТЕРЕЩЕНКОҒА да белгісіз. Себебі, қанды оқиға болған кезеңде 5 наурыздан 7 мамырға дейін демалыста болған. Тергеу барасы кезінде Тимур Кирбаевтың берген сұрақ жауабынан мекеме қызметкері Виталий Зарецкий және алты сотталушы қамауға алынған. Алайда, тергеумен келіспеген соттталушының әйелі Юлия ЗАРЕЦКАЯ  Астанаға бас прокурорға шағымданған. Тек осы жылдың ақпан айынан бастап АК 159\7  колония басшысының міндетін атқарып жүрген отыз жастағы Бауырбек Шотаев та қамауға алынған. Юлияның айтуынша, оның жолдасының еш қатысы жоқ. Әйтеуір қызметкер болған соң кінәні мойнына іле салып отыр. [caption id="attachment_10637" align="alignnone" width="1051"] Юлия Зарецкая[/caption] «Оқиға болған соң,  менің жолдасымды қамауға алды. Барлығы сол  Т. Кирбаевтың берген жауабынан кейін. Сотталушы әр түрлі жауаптар берген. Нақтысы жоқ. Сондықтан, мен бас прокурорға шағым түсірдім. Себебі, басшының тапсырмасы болмаса, Виталий ондайға бармайды. Бұл жерде кінәні  жоғарыдан іздеу керек. Себепсіз басқа отрядка сотталушыны көшіру жолдасымның қолынан келмейді. Менің жолдасыма ор қазып отыр деп қана түсінесің», - дейді Юлия Зарецкая. Темір тордың ар жағында отырған сегіз күдіктіге қатысты сот процессі енді ғана басталды. Келесі проесс  жұма күні 4-мамырда жалғасады.

Фотолар автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.