Дариға Назарбаева 55 жасқа толды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 07.05.2018228

Бүгін Отан қорғаушылар күнімен қатар, мемлекет қайраткері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ туған күні. Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тұңғыш баласы 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. 1992 жылы 7 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Руспубликасының Қарулы күштері құрылды. Бұл күн мемлекеттік мереке күні болып есептеледі. Дариға Нұрсұлтанқызы белгілі мемлекет қайраткері. Түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. 2003 жылы саяси аренаға «Асар» партиясын құрып шықты. Мәжіліс депутаты, мәжіліс төрағасының орынбасары, Премьер-министр орынбасары болған. Қазіргі күні Сенат депутаты. Мемлекет басшысының қызы ғылым саласында да біршама жетістіктерге жеткен. Саяси ғылымдары мен экономика ғылымдарының докторы. Тарих ғылымдарының кандидаты. Мемлекет басшысының қызы ғалымдығымен бірге әншілік өнері де елге мәлім. Көптеген қайрымдылық ән кештерін беріп, әуелі Мәскеудің үлкен театрында ән салған. Туған күні иесі бүгін 55 жасқа толып отыр. Назарбаевтар отбасында отағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні мереке күнімен қатар келеді. 6 шілде күні мемлекет басшысының және Астана қаласының туған күні.

Фото: exclusive.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.