Молаға миллиондарды жұмсауға тыйым салынды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 19.05.201891

Енді Көкшетауда қайтыс болған адамды жерлегенде оның басына биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынады. Өткен жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осындай шешімге келіп, жаназа және жерлеу рәсімдері атты кітап шығарған. Онда көрсетілген жаңашылдықтарды алғашқылардың бірі болып, көкшетаулық имамдар мен қоғам өкілдері қолдап отыр. [caption id="attachment_11433" align="alignnone" width="1920"] Көкшетау қаласындағы қорым[/caption] Көкшетау қаласындағы қорымдарды аттап басқаннан-ақ, молалардың неше түрін көруге болады. Ысырапшылдыққа жол берілгендігі сонша, материалдары шет елдерден арнайы тапсырыспен алынған  мазарларды да көресіз. [caption id="attachment_11434" align="alignnone" width="1920"] Ербол Мырзатаев[/caption]  – Менің артымда тұрған мешіт сияқты зираттың құрлыс жұмысын есептесек, орта есеппен 2-3 млн теңгенің көлемінде шығып қалады. Ал кірпішпен көтерілген қарапайым бейіттің өзіне шамамен 250000 теңге қаражат жұмсалады,– дейді  Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінің зиратқа жауапты қызметкері Ербол МЫРЗАТАЕВ. Ал  мәрмәр тастан тұрғызылаған мына (фотодағы) кесене  10 млн теңгеге жасалыпты. Сондай-ақ, бұған дейін зиратты қадағалап келген  жеке кәсіпкер қалталы азаматтарға таңдаған жерінен қабір орынын сатып келген. Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш СӘБИТТІҢ айтуынша, мұндай дарақылықты  болдырмау үшін  әкімдіктің рұқсатымын 1 жарым ай бұрын мешіт қызметкерлері зираттағы тәртіпті қадағалауды өз жауапкершіліктеріне алған екен. [caption id="attachment_11435" align="alignnone" width="1920"] Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит[/caption] –Бір қайтыс болған адамға 2-де 3-шаршы метр алаң ғана беріледі және оның зиратын көтерген кезде 1 метр биіктікке дейін  көтеруді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ, бейітке тек белгітас қойылады. Оған марқұмның суреті салынбайды. Келешекте осыны халыққа түсіндіріп, бір ізділікке түсіру ойымыз бар, -дейді облыстың бас имамы. Бұл шарттардың орындалуын сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесі мен  «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі өкілдерінен құралған комиссия қадағалайтын болады. [caption id="attachment_11436" align="alignnone" width="1920"] Шияп Әлиев[/caption] -Бұл жер әкімдіктікі. Қабір орны сатылмайды. Тек жерлеу жұмыстарының қызметіне төленеді. Жерлеушілер ысырапшылдықты болдырмауға байланысты біздің шарттарымызды орындау керек. Егер көнбесе басқа жерге апарып жерлесін, – дейді Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Шияп ӘЛИЕВ. [caption id="attachment_11437" align="alignnone" width="1920"] Бақыт Смағұл[/caption] – Қажылықта болдық. Сол кезде үлкен сахабалардың басында тек белгітас қана жатыр, – дейді «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт СМАҒҰЛ. Қазір  бос орыны азайған  Көкшетау зираты  толық  қоршалмағандықтан қабір басын көтеру 1 метрге дейін рұқсат етіледі. Жоспарланып отырған қоршалған жаңа зират ашылса, қабір басының биіктігі   біршама төмендейтін болады. Есесіне, молаға  тал отырғызу, оның ішінде жеміс ағашын егу құптарлық іс дейді имамдар.

Фотолар автордікі. 

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.