Тегін медициналық көмек пакеті кезең-кезеңмен оңтайландырылады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.05.2018470

Халыққа мемлекет есебінен тегін көрсетілетін медициналық қызмет пакеті кезең-кезеңмен оңтайландырылады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова мәлімдеді. Айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес, оңтайландыру барысында медициналық көмектің құрылымын қайта қарауға, бағасы қымбат болып келетін стационарлық көмектен тиімділігі жоғары профилактикалық медицинаға көшуге, диспансерлік бақылауды ауруды басқару бағдарламаларына трансформациялауға ден қойылып отыр. Осыны ескере отырып, медициналық қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі ұсынылды. Ол: жалпы жұртшылыққа арналған минималды әлеуметтік стандарт, яғни, ТМККК пакеті, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандарға арналған қызметтер пакеті, сондай-ақ, медициналық көмектің өзге қаржы көздерінен қаржыландырылатын қосымша көлемі. ТМККК жаңа үлгісі шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайға тап болған әр адамға көмек көрсетуге және жұртшылық үшін маңызы бар сырқаттарды бақылауда ұстауға бағытталған. ТМККК пакетінің жан-жақты нақтыланған тізімі Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.     Брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жаңа үлгідегі ТМККК пакеті үш кезең бойынша енгізілетінін атап өтті. "Бірінші кезекте бұл - қолданыстағы ТМККК пакетінде қамтылған медициналық көмекке ревизия жасау және көмек тізімін нақтылау. Екіншіден, МӘМС жүйесін енгізе отырып, ТМККК-тің жаңа үлгісін дамыту, үшіншіден, медициналық технологиялардың үздіксіз дамуын ескере отырып, ТМККК және МӘМС пакеттерін тұрақты түрде жаңартып отыру", - деді вице-министр. Айтуынша, ТМККК пакетінде бастапқы медициналық-санитарлық көмектің барлық түрлеріне кепілдік берілген. Оған: барлық азаматтарға арналған негізгі медициналық қызметтер, нысаналы топтарға арналған скринингтер, жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды қарау, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан тұрғындарды тұрақты бақылау т.б. жатады. Естеріңізге сала кетсек, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы мекеме табылады. Қор 2018 жылдан бастап ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекті сатып алумен айналыса бастаған болатын. «24-мамырдағы мәліметтерге сүйенсек, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келісімшарт бекіткен емдеу мекемелеріне 307,15 млрд теңге қаржы төледі. Бұл халыққа кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін қызмет көрсету жөнінде бекітілген келісімшарт сомасының 44 пайызына тең", - деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова. 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 694 млрд теңгені құраған болатын. Қазіргі таңда Қор 1463 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 614-і - жеке меншік клиникалар. "Жұмыс алдағы уақытта да кестеге сәйкес және нормативті-құқықтық актілер негізінде жалғасын таппақ", - деді Е.Бахмутова.

Шынар ӘЛЖАНОВА 

Фото: napoli1.com

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды