Ондаған сауда орталықтары мен базар басшылары сотқа шақырту алды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 29.05.2018422

Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік ережелеріне ат үсті қараған ел аумағындағы бірқатар ірі сауда орталықтары мен базар нысандарын сотқа берді. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының тілшісі хабарлайды. Атап айтар болсақ, «Арзан»,  «Домиллион»,  Алматы кілем,  Фэшн Ритейл, «Азия Парк» (Прайм плаза), «Мамыр», «Москва», «Орбита», «Строймарт», «Есентай Молл», Аман авто, «Рахат»,  «Юпитер», «Барыс»,  «Олжа», «Белес», «Максима», «Туркестан», «Жібек Жолы» «ГУМ» секілді сауда ойын-сауық орталықтары мен «Зеленый базар», «Алма», «Мега Тау», «Барлык сауда» базарлары бар. Алматы облысындағы ИП Смағұлов орталық әмбебап базары да осындай қараз тізімде тұр. Ал Астана қаласында «Аружан» сауда ойын-сауық орталығы, «Жастар», «Автогранд» сауда үйлері мен «Ұлжан»,  «Совл», «Сарыарқа» және «EURASIAN TRADING GROUP» базары секілді 9 бірдей  сауда нысанының иелері сотқа шақырту алыпты. Айтпақшы, бұл тізімде Қарағанды қаласындағы  «Сатурн» магазині де бар. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, бұл сауда нысандарына өрт қауіпсіздігіне салғырт қарағаны яғни қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін құзырлы органдар тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, анықталған кемшіліктерді  жою туралы нұсқау берілген екен. Алайда, екінші мәрте тексеру барысында аталмыш нысандарда жүргізілген тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі жөнінде анықталған кемшіліктердің әлі ретке келтірілмегені анықталып отыр. Аталған сауда нысандары иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша заңды тұлғалардың санатына қарай 100-ден 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып ісі сотқа жолданған нысандардың жұмысы  3 айға дейін тоқтатылуы мүмкін. Естеріңізде болса, Ішкі істер органдары сәуір айының басында өрт қауіпсіздігіне қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Айға жуық уақытқа созылған тексерулер барысында еліміздегі ойын-сауық және ірі сауда орталықтарының қожайындары сан түрлі амал жасап клиент тартып ақша табу жақсы білгенімен өрт қауіпсіздігіне өте салғырт қарайтыны анықталды. Тексеру барысында ел аумағындағы 972 нысанның тек 11-нің ғана өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетіні анықталған. 12 мыңға жуық (әр нысаннан шамамен 2-ден 20-ға дейін) ереже бұзушылықтар анықталып, үлкен көлемде айыппұлдар салынып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілген болатын.

Фото: restolife.kz

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды