Жайықтың балықтарын реанимацияға жатқызу керек

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.12.2018407

Атырау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «жүз он балық өліп, қалғанының ауыр халде жатқаны» жөніндегі мәлімдемесі ел аузында анекдотқа айналып үлгерді. Жағдайдың жүз шақты балыққа ғана қатысты емес, одан анағұрлым күрделі екеніне енді барлығы да көз жеткізіп отыр. Қазір Атырау облысындағы балықтың қырылу дерегі бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің барлығы жоспардан тыс тексерілетін айтып отыр. -Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактілері бойынша құжаттар Атырау облыстық полиция департаментіне қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу үшін жіберілді. Кәсіпкерлік кодекстің 144 бап 3 тармақ 6 тармақшасына сәйкес инспекция тарапынан Атырау облысы экология департаменті және Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына Жайық өзеніне су төгетін мекемелерге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылып отыр. Ведомствоаралық комиссия жиынының хаттамасына сәйкес, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізбеу және шығын көлемін анықтау мақсатында «Атырау су арнасы» су жинау құрылымынан бастап теңіздің аузына дейін Жайық өзені толықтай өлген балықтан тазартылып жатыр. Қазіргі таңда жиналған балық көлемі шамамен  бір тоннаға жуық, - дейді инспекцияның бас маманы Ақмарал КАУКЕНОВА. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, Луговой ат зауыты" мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында да бекіре тұқымдас балықтардың қырылғаны анықталды. -"Луговой ат зауытында" жүзге жуық бекіре тұқымдас балық өлген, 1974 балықтың жағдайы ауыр. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында жиырма бес бағалы балықтың өлгені анықталды, отыз дана балықтың жағдайы нашар, - дейді Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман МОЛДАШЕВ. Экспорттағы құны алтын-жақұттан кем түспейтін аса бағалы уылдырықты беретін бекіре балығы жабық жағдайда өсірілгенмен, бұл шаруашылыққа өзен суы пайдаланылады. Сол себепті, зауалдың қайдан келгені еш күмән туғызбай отыр. Ерекше күтіммен бағылып, өсіріліп отырған бекіре тұқымдастардың басы азайғаны – қып-қызыл шығын ғана емес, нағыз бейғамдық пен жауапсыздықтың көрінісі деуге болады. Төтенше жағдайға байланысты арнайы құрылған комиссиядан бөлек, аймақтың жанашыр азаматтары да өз беттерімен Жайық өзені мен оның тармақтарын аралап, нақты жайды халыққа жеткізуге тырысып бағуда. -Комиссия құрылғанмен, оның құрамына тек мемлекеттік мекемелердің өкілдері еніп отыр. Үкіметтік емес ұйымдардан, азаматтық қоғамнан ешкім жоқ. Біз мұнымен келіспейміз... Шындап келгенде, балықтың қырылуының бір ұшы адамдарды да айналып өтпейді. Біздің ағзасыз экологиялық жағдайларға балықтан гөрі төзімді болғанмен, түбі бір зияны тиетіні анық. Біріншіден, тұрғындар осы Жайықтың суын тұтынып отыр. Екіншіден, көпшіліктің білместікпен өлген балықтарды жеп отыруы да әбден мүмкін. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сауда орындарында, көшелерде сатылып жатқан балықты тексеріп, қандай да бір шарасын алуы тиіс, - дейді қоғам белсендісі Арман ХАЙРУЛЛИН. Қазіргі күні ел аузында түрлі болжамдар айтылып жатыр. Жиі тарап отырғаны – балықтың өндірістік қалдықтардан өлгендігі. Балықты тоқпен аулайтын браконьерлерді кінәлап жатқандар да бар. Әдетте табиғат зиянкестері бұл әдісті қолданған кезде көксерке, жайын сияқты ірі балықты жинап алып, қалғаны мең-зең күйінде қалқып жүріп, түбінде біртіндеп өле бастайды екен. Алайда, аты-жөнін атамауды өтінген тәжірибелі балықшы «Бұл жақта тоқты қолданатын браконьер жоқтың қасы. Сосын олар тек аздаған радиустағы балықты ғана қамтыр еді, ал Жайықтың өне бойындағы балықтарды қырып тастау үшін қаскөйліктен бөлек, қаншама күш керек! Зарослыйдағы бекіре зауытының да балық өліп жатыр, ол – қолдан бекіре өсіретін жабық нысан, ол жерге браконьер де, басқа адам да кіре алмайды, қалай бұрсақ та, мәселе – өндірістік қалдықта жатқан сияқты» деген пікірімен бөлісті. Жайыққа су жіберіп отыратын солтүстік көршімізге де өкпе артып отырғандар да жетерлік. Кейінгі жылдары Жайық өзені тайыздалып, суы тұнықтығын жоғалта бастады. Мұның себебі «Ресейдегі Ираклий су қоймасы таза суды қоймаларында алып қалып, жылу-электр орталықтарынан шыққан техникалық суды бізге қарай айдайды» деп жорамал айтушылар бар. Алайда, Еділдің суы Атырауға дейін біраз жерді басып келетіндіктен, ал балықтың тек қана қаланың аумағында қырылып отырғанын ескерсек, бұл уәжді де негізсіз деуге болады. Санаулы күнде өзенге су төгетін мекемелерге жүргізілген тексеру қорытындысы шығып, оқиғаның кесімді бағасы берілуі тиіс. Әзірге биліктің халықты тыныштандырмақ болған әрекетінен түк шықпады. Жағдайды көзімен көріп отырған атыраулықтар «жүз он балықтың өліп, қалғаны ауыр халде жатқанын» күлкіге айналдырып әкетті. Ғаламтордағы желілер «ол балықтар жансақтау бөлімінде ме?», «денсаулығы нашар балықтар кімнің табасында қуырылып жатыр екен?» дегендей әжуаға толып тұр. Осылайша, қалай болса солай, сауатсыз айтылған түсіндірме еріксіз езу тартқызғанмен, айдың-күннің аманында топтап қырылып, құзғынның жемтігіне айналып, шіріп жатқан балықтың көрінісі көзіңе жас үйіртердей-ақ.  

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды