Әкімнің машинасы мәнерлеп сырғанап жүр (видео)

Дерек көзі: www.azattyq.org - 09.12.2018369

Соңғы күндері Атырауда мұзтайғақ болып, қаланың коммуналдық қызметтері жаппай мұз оюға кірісіп кеткен. «Арнайыавтобаза» мекемесі 36 текшеметр құм мен 430 текшеметр тұзды су төсеп, 22 арнайы техниканы жұмылдырған. Басқалар осылай тер төгіп жатқанда, облыстық әкімдіктің алдында бір топ қызметтік автокөлік жүргізушілері тайғақ жолдың үстін әрі-бері ойқыштап, «ерекше өнер» көрсеткен еді. Бейнекамераға түсіп қалған бұл әрекет көпшіліктің наразылығын тудырды. Өзі жазғандай, «халықтың сұранысы бойынша» күні кеше ғана «Фэйсбук» желісінде өзінің жеке парақшасын ашқан қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы осы жайға байланысты тұрғындардан кешірім сұрады. https://www.youtube.com/watch?v=oqUrt3lA4Xc&feature=youtu.be&fbclid=IwAR0b9I1qebEDCR5jwFuQpU32H_U6UDIWZndW877a_0Hia_xaXbZmodaGODc «Мен шынымен мойындаймын, бұл бейне маған қатты ұнамады. Мұндай рұқсат етілмейтін істі бюджет қаражатына алынған қызметтік автокөліктермен жасау барлығымыздың атымызға кір келтіреді. Мен өз көлік жүргізушіммен сөйлестім, ол жерде менің қызметтік автокөлігім және де әріптестерімнің автокөлігі болғанын білдім... Бүгін біз мемлекеттік органдардың барлық жүргізушілерін жинап олармен профилактикалық сөйлесу жүргіздік. Бұндай мінез-құлықққа рұқсат етілмеуінің себебі, біріншіден ол - мемлекеттік қызметшінің имиджін қорлайды, екіншіден мемлекеттін мүлігіне зиян келтіріп оның ерте тозуына жол береді және үшіншіден, айналадағы адамдарға қауіп төндіреді. Мен өз атымнан және әріптестерімнің атынан болған оқиға үшін қала тұрғындары мен қала қонақтарынан кешірім сұраймын» дейді шаһар басшысы Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ. Ыңғайсыз оқиға 6 желтоқсан күні болған, ол кезде басшылар облыстық әкімдіктегі жиналыста отырған. Қазіргі күні «мәнерлеп сырғанайтын» көлік жүргізушілерінің үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595 бабына сәйкес хаттама толтырылып, қызметтік ішкі тергеу жүргізілуде. Тергеудің қорытындысымен көлік жүргізушілерге айыппұлдар салынып, жұмыстан босатылуына дейін шаралар қолданылмақ. Айта кетейік, биыл қаңтар айында сол кезде қала әкімі қызметін атқарған Серік ШӘПКЕНОВ те халықтан тура осылай кешірім сұраған болатын. Оған Атыраудағы қос бірдей коммуналдық қызмет көрсету мекесінің басшылары мен қалалық тұрғын үй қызметі бөлімі басшысы орынбасарының сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, қамауға алынуы себеп болған еді. Фото: coub.com

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?