Қазақстандағы ең жас автоэлектрик Ақтөбе облысында тұрады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 15.12.2018391

Қазақстандағы ең жас автоэлектрик Ақтөбе облысына қарасты Шұбарқұдық ауылында тұрады. Жасы небары - 14 жаста. Ауыл  арасында  Серік ЖОЛАЕВТЫҢ  әжептәуір беделі бар. Әсіресе, көлігі барлар баланың мақтауын асырып жүр. Қарапайым ғана ауыл баласы бұл кәсіпке  әбден төселіп алыпты. Әуелі үйдегі тоңазытқыш, істен шыққан электр бұйымдарын шашып, қайта жинап машықтанған. Кейін қызығушылығы артқан  бала көліктерге ауысыпты. Ең алғашқы  жөндеген көлігі – ағасының автосы екен. Қазір Шұбарқұдықтағы шебер баланың атағы көрші ауылдарға да жеткен.  Алыстан ат терлетіп келген жүргізушілер  астындағы автосын Серікке бір қаратын алуды әдетке айналдырыпты. [caption id="attachment_21299" align="alignnone" width="1280"] Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов қабылдады[/caption] «Серік – біздің оқушымыз. Сабақ үлгерімі жақсы. Оның физика, математика пәніне қабілеті зор. Сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатысады. Механика, техникаға машығы бар болғасын, сондай үйірмелерге жаздық. Баланың қалауы да сол болды. Әрі  электромеханика тақырыбында ғылыми жобалар жазып жүр, осының бәрін ескердік. Ал баланың кәсібіне келсек, сабақтан бос уақытында көлік жөндейді, оның ақысын ата-анасы қояды. Серіктің ата-анасы қарапайым кісілер. Әкесі көлік жүргізеді, анасы лаборант. Жуырда аудан әкімі Жолдас ҚАЛМАҒАМБЕТОВТІҢ қабылдауында  болдық. Сол жерде әкіміміз қандай көмек керек екенін, оқушымыздың арманы жайында сұрады. Ал бізге балаға қолдау көрсетуге тапсырма берді», - дейді Шұбарқұдық гимназиясының директоры Қайсар ҚҰЛЫМОВ. Серік Жолаев қазір гимназияның 9-сыныбында оқып жүр.  Арман-мақсаты айқын. Болашағын техникалық немесе инженер-автомеханик мамандығымен байланыстырғысы келеді. Фотолар автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?