Павлодарда 31 миллионға алынған шырша жағылады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 20.12.2018203

Бүгін Павлодар қаласы облыстың бас шыршасын салтанатты түрде жағады. Кешкі 19-00 де өтетін шараға Аяз Ата мен Ақшақарды әлі ерте болса да шақыртып қойыпты. Ол аз десеңіз мультипликациалық кейіпкерлер келіп кештің көркін тіптен қыздыра түспек.   - Бүгін сағат 19:00-де орталық алаңға шаһар тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Жаңа жылдық шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық, - дейді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл шырша 2013 жылы қаланы Оразгелді ҚАЙЫРГЕЛДИНОВ басқарып тұрғанда 31 миллионға сатып алынған болатын. Ресейден келген бұл қымбат шырша бес жылдан бері қызмет етіп келеді. Сол кезде қоғам тарапынан наразылық туып, тіпті қаржы полициясы тексеру жұмыстарын жүргізген. Шулы шыршаны орнатамыз деп екі адам мертігіп қалған еді. Айтпақшы, биыл жаңа жыл мерекесіне қаланы безендіру үшін бюджеттен 41 миллион теңге бөлінген. Бес жыл бұрын алынған қымбат шыршаны монтаждау үшін 10 миллион 976 мың теңге кеткен.  Фото автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.