«Қостанай казактары әнұранды айтпайды»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 21.12.2018215

Қостанай қаласында 26-28 қараша күндері облыс басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ қатысуымен президенттің халыққа жолдауы талқыланған. Филармонияда өткен бас қосуға "Кустанайская община Оренбургских казаков" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман Виктор ЧЕМПАЛОВ қатысыпты. Алайда, казак қасындағы серігімен мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпеген. Бұл туралы адвокат Абзал ҚҰСПАН facebook.com әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазды. «Мына суретте Чемпалов Виктор Генадьевич деген "Кустанайская община Оренбургских казаков" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман. Екінші суретте облыс әкімі Архимед Мухамбетов бастаған Қостанайлық шенеунік қазақтар.Қостанайлық белсенді жігіттердің айтуынша, оқиға Қостанай қаласында 26-28 қараша күндері, Филармония ғимаратында Президент жолдауын талқылау барысында орын алған. Казактар атаманы қасындағы серігімен, мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпегені былай тұрсын, "тәуелсіз" Қазақстан республикасында бекітілмеген әскери киіммен жүруге болмайды деген Заң талаптарын бұзып тұр! Казактардың тайраңдауын тыюдың заңды жолын талай мәрте айттым, әзірге естір құлақ жоқ...», - деп жазды заңгер әлеуметтік желіде. "Кустанайская община Оренбургских казаков" қауымдастығы 2007 жылы 29 қаңтарда облыстық Достық үйнің қабырғасында құрылған. Тұңғыш атаманы Всеволод КАШАРИН. 2011 жылдың шілде айына бастап басшылыққа Виктор Чемпалов келген. Ұйымның негізгі жұмысы жастарға патриоттық тәрбие беру және ұлтаралық татулықты нығайту. Олар осы бағытта түрлі шаралар да ұйымдастырып келе жатыр. 1995-2005 жылдары Қазақстандағы казактар қоғамдық бірлестік болып ресми тіркеуден өткен. Және Қазақстан,Ресей, тағы басқа елдердегі казактармен байланыс орната бастады.  Заңға сәйкес олардың қызметі конституцияға қайшы болмауы тиіс. Фото: facebook.com  

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.