«Қызымды көрмегелі бір жарым ай болды»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.12.2018206

Осыдан екі жыл бұрын жаңа жыл қарсаңында жетім балалармен жүздескен Илья ИЛЬИН  допинг дауынан кейін, іштей түңіліп, ол үрдісті тоқтатқан еді. Одан бөлек шенділердің назарында үнемі болудан қалған. Енді қайта спортқа оралған ауыр атлет араға екі жыл салып, Қарағандыдағы Серік СӘПИЕВ атындағы спорт кешеніне балаларды жаңа жылмен құттықтауға арнайы келіпті.

1066 баладан құралған мерекелік іс шараға 12-ші балалар үйінің және кәмелеттік жасқа толмағандардың оңалту және бейімдеу орталығы жеткіншектері мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Ауыр атлет федерациясы С. Сәпиев атындағы кешенімен бірлесе, балаларға ұмытылмас жаңа жылдық кеш ұйымдастырды.

 Допинг дауынан кейін спортқа оралған Илья мереке қарсаңында бұрынғы өткен дау-дамайды тіптен есіне алғысы келмеді. Қазір сізді қаумалаған шенеуніктерден қасыңызда кім қалды деген Жас Алаш тілшісінің сауалына жауап бергісі келмеді.

«Мен спортқа қайта оралдым. Дегенімен, өтіп кеткен шаққа қайта оралғым келмейді. Допинг жайлы мүлдем есіме алғым келмейді. Бүгін мереке. Балаларға көңіл күй мен эмоция сыйлауға келдім» - деп қысқа қайырды әлемнің төрт дүркін чемпионы.

Отбасынан ажырасып кеткен ауыр атлет қызын бір жарым ай бойы көрмепті. Енді сағынышын басу үшін баласына бармақ екен.

«Мен кеше ғана Қазақстанға оралдым. Бүгін Қарағандыға келдім. Осыдан кейін Павладарға барып қызымды жаңа жылмен құттықтауды жоспарлап отырмын. Содан кейін отбасыммен жаңа жылды қарсы аламын», - деді қызылордалық спортшы.

Фотолар автордікі.  

        

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.