Қазақ тілінде сөйлемеген балаларға айыппұл салынады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.12.2018205

Мемлекеттік тілде сөйлемеген балаларға айыппұл салынады. Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан ӘБЕУОВ осындай бастама көтеріп отыр. Бұл идея әкімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан кейін келіпті. Бұл туралы liter.kz жазды. Биыл аудандағы балалар лагеріне 300-ге жуық оқушы келіп демалған. Келесі маусымда «Kazakh camp» стилінде өтпек. Яғни басты талап оқушылар тек мемлекеттік тілде сөйлесулері тиіс. «Ол жерге келген оқушылар қазақ тілінде демалатын болады. Өзге тілде ойын білдірген балаларға айыппұл салынады. Мемлекеттік тілде сөйлегені үшін «Қазақ тілі білгірі» деген төсбелгі тағып, басқа да құрметтер көрсетеміз», - деді әкім мырза.                                     Әзілхан Әбеуов айыппұл көлемін ашып айтқан жоқ. Әрине, демократиялық ашық қоғамда жалпы тілді күштеп оқыту қаншалықты заңды деген сауалдың туындайтыны рас. Негізі бұндай айыппұлды бизнесмен-шенеуніктерге пайдаланса ел бюджетіне біраз ақша түсері сөзсіз еді. Фото: liter.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.