Ақтөбелік шенеуніктер жаңа жылдық корпоративтен бас тартты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.12.2018182

Ақтөбенің шенеуніктері биыл жаңа жылдық кештен түбегейлі бас тартты. Есесіне, мемлекеттк қызметкерлер атымтай жомарттық танытуға бел байлапты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, мемлекеттік органдары оның орнына қайырымдылық балына атсалыспақшы екен. Қысқы қайырымдылық балына қатысу үшін әрбір шенеунік жарна төлеуі тиіс. Оның құны-10 мың теңге. Бұдан бөлек, жиын кезінде аукцион өткізіледі. Одан түскен барлық қаражат мұқтаж жандарға беріледі. Ұйымдастырушылар тек жарнаның өзінен 2 млн. теңгеден астам қаржы жиналатынын айтып отыр. «Кімнің идеясы екенін нақты айта алмаймын, бірақ, бастаманы барлық басқарма, департамент басшылары бірауыздан құптап отыр. Бұрынғы жаңа жыл кештеріндегідей дастархан жайылып, аста-төк ас, ыстық тамақ болмайды. Аты айтып тұрғандай, қайырымдылық балы болғаннан кейін мұқтаж жандарға көмек ретінде ұйымдастырылмақшы. Концертке де сырттан әншілер шақырылмайды, бәрі де қызметкерлердің күшімен әзірленеді. Бал кезінде аукцион өткізіледі. Одан түскен ақша да қайырымдылыққа жұмсалады», - дейді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қанат ҚҰЛШЫМАНОВ. Мемлекеттік қызметтегілер қайырымдылық балға қатысуға құлшынып отырған көрінеді. Бүгіннің өзінде 200-ге жуық адам қатысатындықтарын растаған. Одан бөлек, меценаттар, қоғамдық қор өкілдері де шараға атсалыспақшы. Фото: total.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.