«Рухани жаңғыру» орталығы: ақша көп, штат жоқ

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.02.2019389

Ешкім жұмыс істемейтін мекеменің миллиардтары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін Талдықорған қаласында іле-шала ашылған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе» ЖШС-де бірде бір адам штатта жоқ. Бірақ, бұл мекеме миллиардтаған қаражат кететін жобаларды жүзеге асырып келеді. Қызық... Музей ме, әлде, есеп беру мекемесі ме? Орталық 2017 жылы сәуірде президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласы жарық көргеннен кейін салына бастады. 2017 жылдың 22-желтоқсанында облыс басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Осылайша, Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ туған облысы президент мақаласының тақырыбымен аттас мекемені ашты да тастады. Құрылысы сегіз айда аяқталған ғимарат дизайны ерекше, шығыс стилінде салынған. Жарқырап «Жастар» саябағының жанында тұр. Экспозициялық зал, конференциялық зал, штаттық қызметкерлерге арналған 8 кабинет және астында кафесі бар. Кафе не үшін салынғаны белгісіз. Өйткені, ол жерге тамақтануға баратын адамдар жоқ. Ал бос экспозиция залы Нұрсұлтан Назарбаевтің кітаптары мен суреттеріне толы. Азғантай ғана музыкалық аспаптар мен Алтын адам және Ұлы Жібек Жолының картасы бар. Бір қарағанда өлкетану немесе президентке арналған музейге ұқсатасыз. - Ашылғалы штаттық бірлік жоқ. 8 адам 8 басқармадан ісспарға жіберілген екен. Яғни, негізгі қызметі басқармада бола тұра уақытын орталықта өткізуі тиіс. Орталықта жасап жатқан жұмысы үшін ешкім ақша алмайды, қосымша еңбегі үшін айлық тағайындалмаған. Барлық қызметкер ашық тұрған кабинеттерде емес, экспозициялық залда жұмыс істеп отыр. Президенттің бағдарламалық мақаласы ауқымды болған соң, президент әкімшілігінен облыстардағы рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқан кеңселерге заңды мәртебе берілсін деген тапсырма жүктелген екен. Сол себепті, бұрын облыстық ассамблеяға қарап келген орталық 2019 жылдың 18-қаңтарынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты "Алматы облысы бойынша Рухани Жаңғыру жобалық кеңсесі" ЖШС-і деп аталады. Ішкі саясат басқармасы 15 адам штатқа алып, айлық тағайындауды жоспарлап отыр екен. Бірақ, заңды мәртебе алғанымен орталықта әлі директор, штатта қызметкер жоқ. Әлі бұрынғыша істеп келеді. Қаржылық мәселе жуық арада шешілмейтін сияқты. Негізгі құрылтайшы - облыстық әкімшілік, - дейді "Рухани жаңғыру жобалық кеңсе" ЖШС-нің директорының міндетін атқарушы Дана ДҮЙСЕНОВА.   Бұл мекеме Мәдениет үйінің, я болмаса, түрлі басқармалардың жұмысын атқарып кетеді. Сосын есеп беруші органның да функциясын орындайды. Яғни, белгілі уақыт аралығында атқарған шаруаларды қағазға хаттап Қоғамдық даму министрлігі мен президент әкімшілігіне жөнелтіп отырады. Сонда ол шаруаларды басқармалар өздері дербес атқара алмай ма? «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда негізгі 4 кіші бағдарлама бар. Олар – «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны», «Рухани қазына», «Атамекен». Оған Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет, архивтер және құжаттама, Тілдерді дамыту басқармалары жауап береді. Ал «Ақпарат толқыны» толығымен облыстық Ішкі саясат басқармасына қарайды. Орталық 17 аудан және 3 қаламен тікелей байланыста. Себебі, «Туған жер», «Сакралды Қазақстан» сияқты бағдарламалар аудан әкімдіктері мен аудандық бөлімдердің қатысуымен өтеді. Сондай-ақ, әр аудан мен қала апта сайын, ай сайын және жарты жылдық, бір жылдық жұмыстың есебін орталыққа өткізіп, есеп беріп отырады. Қысқасы, айналымы көп үлкен шеңбер. Миллиардтардың орталығы «Рухани жаңғыру жобалық кеңсе» ЖШС штаты болмаса да, нақты қызметі ретке келмесе де миллиардтаған қаржының орталығына айналып үлгерген. Орталықта 2019 жылға жоспарланған 642 жоба мен іс-шарадан тұратын реестр құрылып, ол облыс әкімімен бекітілді. Олардың 249-ы жоба, 393-і іс-шара.Олардың бәрі аудан және облыстық басқармалардың тарапынан жүзеге асуы тиіс. Ал, 2018 жылы 323 жоба мен шара өтті. Оған басқармалар мен меценаттар, демеушілер тарапынан 9 млрд теңге қаражат қарастырылды. Оның 251-і іске асырылып, жұмсалған қаражат - 4.8 млрд теңге. Қалған 72 жоба биылға қалды. Осы жылы тағы 2.5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған екен. Сонда бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыста жалпы 11 млрд-тан астам қаражат жұмсау көзделген. Миллиардттарға атқарылған шаралар «сойқан». Күлесіз бе, жылайсыз ба, өз еркіңіз. Мәдениет үйлері арасындағы сайыс, музыкалық шаралар, оқушылар мен студенттерді сабақ кезінде флэшмобқа жегу, оқушылардан бастап «Ардагерлер кеңесіне» дейін жаппай қатысатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіруге арналған конференциялар. Өтіп кеткен «Мәдени мұра» бағдарламасын еске түсірген кітап шығару науқаны. Ол аз десеңіз оған түрлі брошюраларды қосыңыз. Әрине, халық ықыласына бөленген істер де жоқ емес. Кәсіпкерлердің көмегімен Талдықорған қаласында біраз аулалар рухани жаңғырды. Айтпақшы, «Рухани жаңғыру» мекемесінде тегін еңбек етіп жүрсе де ешкімнің өкпесі жоқ. Қайта бұндай жерде еңбек еткендеріне дән риза. - Орталықта жұмыс істеу мен үшін мәртебе. Айлық алмаймын. Өзімнің архивтер және құжаттама басқармасынан алатын еңбекақым бар, сол да жетеді. Жалпы, орталықта қызмет ету мақсатым - аз болса да мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымыздың насихатталуына үлес қосу. Осы тұрғыда еңбегім сіңді деп ойлаймын. Қанша шара, қанша қажырлы еңбек. Міндетті түрде жиынға, шараға қатысқан адамдардың жүрегіне қонды. Жалпы, атқарып жатқан шаруамда нәтиже бар деп санаймын, -  дейді жобалық кеңсеге іссапармен келген менеджер Гүлнар ДОНБАЙ. «Дәретхана болғанда пайдасы көп болар еді» Алматы облысы орталығының проблемаларын жіті бақылап, оны әлеуметтік желіде жазып жүретін блогер Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ орталық жайлы толық ақпаратқа қол жетпейді дейді. Жас Алаш тілшісімен тілдескен ол арнайы экскурсия жасағысы келетінін айтады. - Орталық туралы ешкім ашып айтпайды. Танысу үшін арнайы барғым келеді. Жалпы, мұндай орталық кімге керек? Тек есеп үшін өткізілетін шараларға  бөлінген қаражатқа Талдықорған мен шалғайда жатқан аудан, ауылдардың біраз проблемасын шешеуге болар еді. Атқарып жатқан жұмыстарының ешкімге де пайдасы жоқ, ақшаны ауаға шашатын жобалар жүзеге асып жатыр. Соның бәрін ел игілігіне жаратуға болар еді ғой. Ал, ғимаратты алғаш көргенде қоғамдық дәретханаға ұқсаттым. Себебі, Талдықорғанда Орталық саябақ пен «Жастар» паркінде дәл сондай дизайнде салынған дәретханалар бар, тек олар кішкентай. Сондықтан үлкен дәретхана деп қалдым. Шынымен-ақ, бұл еңселі кеңсе дәретхана болғанда пайдасы көп болар еді, - дейді блогер Қайрат ӘБДРАХМАНОВ. Жалпы, Талдықорғанда «Достық үйі», «Тіл сарайы» сынды еңселі ордалар да бар. Олардың қызметі, халық салығынан түсетін бюджет қаражатын иегруі мен бастысы бұқараға қандай пайдасы бар деген сауалдар бұдан басқа мақалаға жүк болары анық. Бұған соңғы кезде шененуніктер жиі бас қосып жүрген «Салтанат сарайын» да қосыңыз.  Қазір президент бюджет қаражатын оңтайландыру, мемлекеттік аппараттың штат санын қысқарту мәселесін көтеріп жүр. Бастысы, рухани жаңғырып бітпейінше «Рухани жаңғыру» орталығының ғұмыры баяндырақ болса дейміз.   Фотолар автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды