«Кенесары сарбаздарының сүйегі жатқан жотаны қазғызбаймыз»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.01.2019501

Ақмола облысына қарасты  Бұлақ ауылының маңындағы «Жолдыбай» жотасы жергілікті халық үшін қастерлі һәм қасиетті орын. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, бұл жерде Абылай мен Кенесары ханға серік болған тұлғалардың ізі қалған. Азаттық үшін күрескен Хан Кененің сарбаздарының сүйегі де жатыр деген сөз бар. [caption id="attachment_22862" align="alignnone" width="960"] Жолдыбай жотасы[/caption] 2018 жылдың сәуір айында сол жотаны қазуға әлдекімдер техникаларын алып келіпті. Зерендідегі жұрт "бұл - әруақтарды қорлау. Сондай-ақ, кәсіпкерлер төбені қазып, қызығын көрмекші. Ал, одан шыққан залал ауыл халқының  денсаулығына аса зиянды екеніне әкімдік бас қатырып жатқан жоқ" дейді. Пайда демекші, кәсіпкерлер қиыршық тастарды өз қажеттеріне жаратпақшы екен. «Ауылда 250 халық бар. Сол халықтың барлығы қарсы. Бұл крематорий салғанмен бірдей. Адамды ақырандап өлтіру. Бұл жерде бабаларымыздың сүйектері де жатыр»,  – дейді  Бұлақ ауылының тұрғыны Талғат ҚҰЛАТАЕВ. Крематорий деуінің себебі, қазылған қыраттан шыққан шаң-тозаң ауыл тұрғындарының денсаулығын құрта ма деп уайымдайды тұрғындар. Оның үстіне, жел үнемі жота жақтан ойдағы ауылға қарай соғып тұрады екен. «50 вагон бомба жарылса, 40 вагон көмір жағылса, біздің күніміз не болады. "Ұлы даланың жеті қыры" дейді, "Рухани жаңғыру" дейді. Біз ұрпақтармызға не қалдырамыз? Бұл барып тұрған масқара!», –дейді  Бұлақ ауылының тағы бір тұрғыны Қанат ӘЛІБЕКОВ. Қазір жота маңына контейнерлер қойып, техникалар әкеле бастаған "Тумалин В" кәсіпорны әкімдіктен мал бағу үшін жерді пайдалануға алғандығын айтады. «50 бас мүйізді ірі қараны өсіру үшін осы тұрақты салып жатырмыз. Ал, жотаны "Обсидиан В" компаниясына бердік. Біздің оған қатысымыз жоқ», – дейді "Тумалин  В" ЖШС директоры Табылды ӘЛІБЕКҰЛЫ. Астаналық компания жетекшісінің айтуынша, жота аумағы әкімдіктің рұқсатымен ресейлік инвесторға берілген. Алайда, бұл айтқанға халықтың нанғысы жоқ. "Себебі, астаналық және шетелдік компанияның көздеген мақсаты ортақ. Яғни, жотаны бұзып, қиыршығын бас пайдаларына жаратпақ" дейді.  Ал, жергілікті әкімдік қыратты пайдаланбақшы компанияның құжаты түгел, десе де халықтың пікірі ескеріліп жұмыстар тоқтатылып тұр дейді. «Қазір жұмыстар тоқтатылды. Бұл мәселе Зеренді ауданы әкімдігінің бақылауында», – дейді Симферополь ауылдық округінің әкімі Жадай АБУТАЛИПОВ. Тұрғындардың әкімдікке де өкпелері қара қазандай. Себебі, жотаны халықтың рұқсатынсыз компанияға берген дейді. Ендігі кезекте, ауылдықтардың талабы ескеріліп, бір жола «Жолдыбай» жотасын қазуды тоқтатуын сұрайды. Әйтпеген жағдайда, ашынған ауыл тұрғындары көтерліске шығудан  тайынбаймыз деп отыр. Фотолар автордікі. МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды