Таксист бір миллион теңгені иесіне қайтарып берді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 15.01.2019207

Ақтөбеде жас жігіттер жолаушының көлікте ұмытып кеткен миллион теңгесін қайтарып берді. Аслан НӘБИ сол күні көлігімен жанына жолдас жігіті Дарын ЕМБЕРГЕНОВТІ ертіп такси болған. Рөлде болған Дарын Ембергенов былай дейді: "Жасы 35-40 шамасындағы ер адам Ақжар ауылына апарып тастауымызды сұрады. Көліктің артына жайғасты. Апарып тастап кеткеннен кейін біршама уақыттан соң артымызға қарасақ, бума ақша жатыр. Жалма-жан санадық, өйткені артынан иесіне тапсырғанда сомасын білуіміз керек болды. 20 мыңдықтан 1 млн 100 мың теңге екен. Ақшаны алып полиция бөлімшесіне бардық. Барсақ- жолаушы арызданғаниекен. Барып полицейлерге ақшаны тапсырдық. Жолаушы алғысын айтты. Біздің орнымызда кез келген адам осылай жасар еді деп ойлаймын". 24 жастағы жігіттердің әрекетіне риза болған облыстың бас полицейі Махамбет ӘБИСАТОВ бүгінгі күннің батырларын жеке қабылдап, алғысын білдірді. Фото автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.