Ерлан Қошанов Президентке ұқсап кетті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 23.02.2019402

Сағат 15-00 де басталатын Қарағанды облысы әкімінің есебіне 14:30-да шықтым. Қарағандыдағы Қазыбек би ауданынан Кеншілер сарайына дейін тура жиырма минут жүріп баруға болады. Алайда, тағы да жиырма минут көлік қоятын жер таба алмай әбігерге түскенім. Негізі автокөлік қоятын жерлер болды. Бірақ полиция рұқсат берер емес. 

- Неге қоюға болмайды? Мына жерде арнайы белгі де тұр. - Болмайды. Бұл жермен әкім Ерлан Қошанов өтеді, - деп қысқа қайырды жол полициясы. Жол қозғалысына кедергі келтірмейтін, арнайы орында тұрса, көлігімнің әкімге қандай қолайсыздық туғызатынын түсіне алар емеспін. - Ерлан Қошановтың көлігі Кеңшілер сарайының ауласында тұр ғой. 

Полицияда жауап жоқ. Смартфонымды шығарып бос тұрған жерлерді фотоға түсіре бастағанда барып, полиция менің кім екенімді сұрай бастады. Журналист екенімді білген соң тайып тұрды. Бірақ қайта айналып келіп, бастығының шақырып жатқанын жеткізді. Қажет болса өзі келсін деп мен де қысқа қайырып, тұрғын үйлердің ауласына кіріп кеттім. 

Машинамды қоятын жер табуым керек. Қырсық қылғанда ол жерде де бос орын жоқ. Қошанов мырза үшін жерлестерім аулаларды авто тұраққа айналдырып жіберіпті. Амал жоқ, кейбір жүргізушілер сияқты заң бұзуға тура келді. Көлігімді жиектастың үстіне шығарып, қойып кеттім. Осылайша, әкімнің есебіне 30 минуттай кешігіп келдім. 

Залға кірсем ине шаншар орын жоқ екен. Көбіне галстук таққан сықиған шенділер. Кейбірі есінеп, енді біреулер телефондарын шұқылап отыр. Есесіне әкімге өз сұрағын қоюға келген адамдар еденде отырды. 

Айтпақшы, әкімнің есебінен хабар таратуға келген журналситерге де орын бұйырмады. 

- Ерлан Жақанұлы, мүгедек балаға берілетін ақша мен стипендия табыс көзі болып есептеледі. Балаларға бір жасқа дейін жәрдемақы аламыз. Ал балабақшалар 3 жастан бастап алады. Бұны қалай түсінуге болады? Қазір Қарағандыда 36 мың адам кезекте. Оларды қашан үймен қамтып бітесіздер? Жалғыз басты аналар мен тек отағасы ғана жұмыс жасайтын көп балалалы аналарға пәтер алу үшін алғашқы жарнаны төлеу мүмкін емес.  Адрестік әлеуметтік көмекке 13 құжат жиналады. Бұл бюрократиялық кедергі, - деп көп балалы аналар мәселесін «Ақжүніс» көп балалы аналар қоғамының өкілі Ләззат ҚОЖАХМЕТ көтерді. 

Бұдан кейін тағы да бірнеше көп балалы аналар сөз алды. Олар жылжымайтын пәтер кезегіне қатысты сөйледі. Облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВ барлық аналардың сөзін бөлмей мұқият тыңдады. Аталған проблемалардан хабары бар екенін жеткізді. Қолымда болса барлықтарыңызға бір-бір үй берер едім деп күрсінді сосын.

- Біз жылына 1,5-2 мың ғана пәтер береміз. Рас, күте берсе ұзақ болып кетеді. Пәтер алуда алғашқы жарнаны төлемеу мәселесін шешеміз. Қарағандыда 1200 көп балалы ана кезекте тұр. Ең бірінше кезекте ауыр тұрмыстық жағдайға түскен отбасыларға баспана беріледі, - деді облыс басшысы.  

Кездесуге жиналғандарға облыстың қарыштап дамуы, өндірістегі жетістіктер мен мемлекет басшысының бағдарламалары қалай жүзеге асқаны қызықты бола қойған жоқ. Халық өзінің ауыр тұрмысы мен жеке проблемаларын айтып қалуға барын салды.

- Құрметті Ерлан Жақанұлы, менің Монғолиядан келгеніме 3 жыл болды. Оралмандарды бейімдеу орталығында тұрамын. Жалғызбасты анамын. Балам үшін ешқандай да жәрдемақы алмаймын. Құжаттарым дұрыс емес. 2017 азаматтыққа құжат өткіздім. Әлі ала алмай жатырмын. Барар жерім жоқ. Тұрып жатқан жатақ жабылады деп жатыр. Қыстың ортасында қайда барамын? Туыс-туғандарым да жоқ. Жоғарғы білімім бар. Қызыл дипломым қолымда. Алайда, орыс тілін білмейсің деп ешбір жер жұмысқа алмайды. Мұңғылдардың ортасында бұндайды көрмеген едік. Шенеуніктерге барсам, «сені біз шақырған жоқпыз», дейді. Біз өз елімізге келдік қой, - деп оралман Айбота АМАНБЕК көз жасына ерік берді. 

Әкімге қандасымыздың жылағаны ұнай қойған жоқ сынайлы.

- Сіз драма жасамаңыз. Орынбасарым Асхат Қанатұлына жолығыңыз. Сол шешеді, - деп әңгімеге тез нүкте қойды. Сондай-ақ, қаладағы әлеуметтік проблемалар да сөз болды. Қарағанды іргесіндегі Күнгей мөлтек ауданының тұрғындары ауыз су, электр жарығы хақында баяндады. Ерлан Қошанов қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВТІ орнынан тұрғызып қойып халықтың сұрағына жауап сұрады. Есеп біткенше қала әкімі орнына 6-7 рет тұрды. 

Облыс орталығына аудандардан келген халық та өз жеріндегі проблемаларды баяндады.

- Бұхар Жырау ауданы Ботақара кенті ауруханасында дәрі жоқ. УЗИ аппараттары мен рентген істен шыққан. Қаңтар айынан бастап, медикамент жоқ. Тіпті, қарапайым новокаин мен цефекон жоқ. Дәрігерлерде дәрі-дәрмек түгілі мені жедел жәрдеммен алып кеткенде кардиологта әуелі тонометр болған жоқ. «Бізге бермейді», деп айтады дәрігерлеріміз, - деді Орынтай САЛЫҚОВА. 

Қошанов бұл жолы бірден орынбасары Асхат АЙМАҒАНБЕТОВТЫ  орнынан тұрғызып, қызметтік тергеу жасалуын талап етті.

- Асхат Қанатұлы, осы фактіге байланысты қызметтік тексеріс жүргізілсін. Қазір мына кісінің телефондарын алып қызметтік тергеу жасаңыз. Ертең бастаңыз! Қалай ол тонометр жоқ, қалай дәрі жоқ? Ботақара Қарағандының түбінде ғой. 

Осылайша, түрлі мәселеде Теміртау қаласының әкімі Ғалымжан ӘШІМОВТІ, орынбасары Алмас АЙДАРОВТЫ, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан НҰРЛЫБАЕВТАРДЫ орындарынан бір тұрғызып, бір отырғызды. Осы тұста Қарағанды облысы әкімі үкімет мүшелерін соститып тұрғызып қойып шықпыртатын мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА ұқсап кетті.  Әкімнің есеп беру жиыны бес жарым сағатқа жуықтады. Жиыннан кейін сыртқа лап беретін нөпір жұрттың ортасында қалмау үшін есептік жиынның аяқталуына 20 минут қалғанда шығып кеттім. Әмбе тұрғын үйлердің арасына қойып кеткен көлігіме тездетіп жетуім керек. Себебі көп қабатты үйлер арасындағы ауланың іші кептеліс болып кететіні тағы да түсінікті. Ал Ерлан Қошановтың жол полициясы дайындап қойған «қызыл дорожкамен» қайтатыны түсінікті ғой. 

Фотолар informburo.kz және автордікі.  

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?