Қыз зорлаған полицей ісі: «Жеңіл жаза беріп тұр»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 04.02.2019266

Қарағанды облысы Балқаш ауданында өткен жылдың мамыр айында болған жабылып қыз зорлау ісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлады. Төрт жігіт мас күйде қызға зорлық көрсеткен. Оның біреуі полиция қызметкері, қалған үшеуі оның жолдасы. Жақында шыққан сот шешіміне жәбірленуші қыздың әкесі риза емес. - Мен әділ жаза берілгенін қалаймын. 5 жарым жыл деген не ол? Зорлаған адамдардың бұған дейін заңға қайшы әрекеті болмаған дейді. Мұндай қылмысқа барғандарға қатысты бұл норма қолданылуы керек пе? Арасында полиция қызметкері болған. Оған да жазаны жеңіл беріп тұр. Әділдікке деген сенімім құрыды менің!» – дейді ол. Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.