Әлімбекова бостандыққа шықты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 05.02.2019148

Әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Алматының Алмалы аудандық соты баспасөз қызметі "Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді", деп хабарлады. Композитор, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген. Сот үкімі шыққан соң желіде Әлімбекованың президент Н.Назарбаевтың атын жазған хаты да жарияланған болатын. Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.