"Бес қыз қараусыз қалған, өрт сөндірушілер 7 минутта жетіп барды"

Дерек көзі: www.azattyq.org - 05.02.2019176

Үкімет басшысы Бақытжан САҒЫНТАЕВ Астанада өрттен қаза тапқан бес қыздың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы Жас Алаш сайты хабарлайды. "Өрттен бес бала қаза тапты. Бұл сұмдық жағдай болды, ата-анасы бес баласынан айырылды. Оларға күш, сабыр берсін. Барлық жақынына көңіл айтамыз", - деді премьер-министр үкімет отырысында. Жиында үкімет басшысы Астана қаласының әкімі Бақыт СҰЛТАНОВТАН қандай шаралар қолданып жатқанын сұрады. Шаһар басшысы өз кезегінде арнайы комиссия құрылып, қыздардың ата-аналарымен жұмыс жасалып жатқанын айтты. Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ өрттің себеп салдарына тоқталды. "Қолда бар мәлімет бойынша, өрттің шығуына өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы себеп болуы мүмкін. Балалар қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта барды, жедел жәрдем қызметіндегілер де уақтылы келді. Бірақ көмек көрсете алмады", - деді министр Қасымов. Бүгін Астанадағы Көктал-1 шағын ауданында бес қыздың жаназасы шығарылып, ақтық сапарға жөнелтілді. Олармен қоштасуға жүздеген адам келді. Қала басшысы Бақыт Сұлтанов бой көрсетпеді. Фото: sputniknews.kz    

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.