Вице-министр: Жынымды келтірмеңізші (видео)

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2019178

Qaznet-тің жаңа жұлдызы – Серік ЖҰМАНҒАРИН. Ұлттық экономика министрінің орынбасары тарифтер жайлы қойған журналистердің сұрағына «жынымды келтірмеші» деп жауап қатқан. Қазір шенеуніктің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Серік Жұманғаринге тарифтер туралы сауал ұнамаса керек, бірден сұхбат беруден бас тартады. https://www.youtube.com/watch?v=1RwigyuMGno «Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф жайлы сұрайсыздар. Маған келіңіз, мен сізге тариф туралы айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», - дейді Серік Жұманғарин. Десе де, министрдің орынбасары әдептен озған жоқ. «Жынымды келтірмеңізші» деп сыпайлықтан аспады. Бұл Қазақстандағы шенеуніктердің журналситермен былай сөйлесуі бірінші рет емес. Қайта Тимур СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ орынбасары белгілі ғарышкер Талғат МҰСАБАЕВТАН қарағанда өте әдепті екен. 2013 жылы Байқоңырдағы апатқа қатысты Үкімет кеңесінен шыққан соң журналистермен кездесу кезінде Мұсабаев «КТК» телеарнасының тілшісі Ербол СЕЙІЛХАНМЕН дөрекі сөйлесіп, кеудесінен итеріп жіберген. Әріптесіміз ол кезде бар-жоғы Мұсабаевқа камераға ыңғайлы жерге тұруды ұсынған. Ал ол: «Маған қайда тұру керегін үйрететін сен кімсің?» деп жер-жебіріне жетіп ұрысқан болатын. Айтпақшы, Серік МҰҚАШҰЛЫ дәл осы тарифтер бойынша 2018 жылдың қараша айында Қауіпсіздік кеңесінің жиынында мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН сөгіс алған болатын. Президент Энергетикалық компаниялардың тұтынушылар есебінен заңсыз пайда тауып жатқандарын және қарпайым халықтың мүдесі қорғалмағанын айтқан-ды.Сөйтіп осы салаға жауапты «жыны келетін» шенеунік сөгіс алған. Содан болар тариф жайлы сұрақтың құлағына түрпідей тиетіні. Фото: azh.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.