Бес бүлдіршін өлімі: «Времянкада» тұруға тиым салу керек

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.02.2019219

ҚР ІІМ министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН қазақшалап сарай деп атауға келетін «уақытша баспаналарды» салып, пайдалануға беруге тиым салынуы мүмкін екендігін жеткізді. Астанада бір отбасының бес бүлдіршіні өртеніп кеткен қайғылы оқиғадан кейін бүкіл елдегі осындай жағдай сарапталып жатыр. Алдағы уақытта мұндай ұсыныс үкіметке жолдануы ықтимал. Министр орынбасарының айтуынша, тұрғын үй иелерінің тұрғын жайларын әкімдіктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өздері рәсімдейтін тәртіп кезінде «бармақ басты, көз қыстылықты» жою үшін енгізілген. Оған дейін баспанасын рәсімдейтін адам сәулет, төтенше жағдай, газбен қамтушы, басқа да көптеген мекемелердің алдынан өтіп, рұқсатын алуы керек болатын. Өкінішке орай, бұл өзгерісті баспаналарды қалай болса солай салып, оларды жалға беру арқылы пайда табуды көздеген жауапсыз тұрғындар бас пайдаларына жарата қойған. -Мен осындай уақытша құрылыстарды салып, оны ешқандай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамастан жалға беріп отырған тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі болуы керек деп санаймын, - деді Юрий Ильин. Алайда, «артық қылам деп тыртық қылмаймыз ба» деген сұрақ қылаң береді. «Времянкада» тұратындардың көпшілігі ауылдан қалаға ағылған, басында не үйі, не күйі жоқ өз қазағымыз екенін ойласақ, олардың арзан сарайлардан кеткенде қайда барып күнелтері тағы белгісіз. Фото: facebook.com

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.