Біз қожайын болудан қалыппыз

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.04.201929750

Мен біздің соттарға сенбеймін. Мен біздің дәрігерлерге сенбеймін. Мен біздің заң орындарына сенбеймін. Бәрі сатылады, бәрі сатып алынады. Соқыр емеспін, көріп, естіп жүрмін. Мен өз фильмдерімді, кітаптарымды  насихаттау үшін ел ішін аралаймын,  халықпен көп сөйлесемін. Қай өңірге барсам да бір сарын. Елден маза кеткен. Іштей күйзеліп, түйіліп жүр. Шарасыздық бар, шамырқану бар. Олардың уысынан үміттің соңғы жібі сусып барады. Менің бұны  ойдан шығарып, жағдайды ушықтырмақ ниетім жоқ. Бар болғаны фактілерді  тізіп отырмын.

Жиырма жылдың ішінде дүбәра буын өсті. Мектепте білім нашар. ЖОО – мүлдем жоқ. Ол оқу орынын аман-есен бітіріп шыққанның өзінде мамандығың бойынша жақсы жұмысқа тұрарыңа еш кепілдік жоқ. Барлық жерде «бармақ басты, көз қысты», туысқаншылдық, жершілдік. Танысың болмаса құжатыңды құшақтап бос жүресің. Амалсыз пара беруіңе тура келеді. Сенің қарым-қабілетің, білімің ешкімге керек емес. Байыппен қарасаң біз өз болашағымыздың көрін өз қолымызбен қазып жатырмыз. Оған түбінде өзіміз де құлаймыз. Сөйтіп мемлекетімізден айырыламыз.  

Қазақтар «басты байлық – денсаулық» дегенді жиі айтады. Менің ойымша бізге осы деннің саулығы жетіспейді. Мағынасы өте кең сөз ғой... Біздің  моральдық, ақыл-ой, діни, рухани, саяси, т.б. саулығымыз күмән тудырады. Ағзамыз дертке шалдыққан. Өзегіне түскен құрттар кеміріп, жеп жатыр. Сондықтан ішіміз алай-түлей, мазамыз қашқан.

Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудын қалыппыз, біз – қызметшіміз. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

Фото: kursiv.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным