Қызметте жолы болғыш Арын Орсариевтің артында кім тұр?

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.04.201910721

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын ОРСАРИЕВ 2015 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалып, екі жыл атқарды.

Енді жоғарғы оқу орнына ректор тағайындаудың да өз тәртібі, өз ережесі бар екені анық. Өйткені, басқа-басқа білім ордасына бұл салада жұмыс істемеген, көлденең көк атты біреудің басшылыққа келмеуі тиіс. Сондықтан ректор болу үшін ең кемі 5 жылдық ғылым немесе ғылыми-педагогика саласында жұмыс істеген еңбек өтілі болуы керек. Ректордың біліктілік талаптарына қатысты ережеде осылай жазылған.

Ал, енді Арын Орсариевтың ректор болып тағайындалғанға дейін педагогика саласында бар-жоғы екі жарым жылдай ғана еңбек өтілі болған. Яғни, ректор болып тағайындалуға қажетті еңбек өтілі жетпейді. Аймақтағы жоғарғы оқу орнының ректоры болуға еңбек өтілі жетпей тұрғанда оның ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне қалай тағайындалғаны тағы түсініксіз. Сонда білім және ғылым министрлігі қайда қарады? Қызметте жолы болғыш Арын Орсариевтің артында кім тұр? Педагогика саласында ешқандай тәжірибесі жоқ оны қалай үлкен білім ордасына басшы етіп тағайындады? Министрлік бұған не айтады?

Арын Орсариевтің өмірбаянына қарасақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте келе жатыр. 2005 жылы Астана қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне тағайындалса, одан кейін де біраз лауазымды қызметтерді бірінен кейін бірін ауыстырып, 2009 жылдың 25-тамызында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры креслосына қонжиды.

Екі жарым жылдан кейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары, үш жылдан кейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне қол жеткізді.

2017 жылдан бері Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.

Қалай айтсақ та, Орынсариевтің өмірбаянынан екі жарым жылдай ғана Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарғаннан басқа ешқандай педагогикаға жақын қызмет көріп отырғанымыз жоқ. Оның өзінде де екі жарым жыл ғана... Сонда «ең кемі бес жыл еңбек өтілі болуы керек» деген талап қайда қалды?

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.