Полицейлерді енді жұмысқа арнайы автобус тегін тасыйды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 01.05.20191913

Көкшетаулық полиция енді жұмысқа қызметтік автобуспен тегін барып келетін болады. Бұл туралы Жас АЛАШ сайты Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы Берік БІЛӘЛОВТЫҢ қаулысымен күн сайын екі автобус полиция қызметкерлеріне тегін қызмет көрсетеді.

«Басшы ретінде полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын шешу менің басты міндетім. Тәртіп сақшыларын тасыйтын автобус қолайлы болатынына сенімдімін», - дейді Берік Біләлов.

Полицейлерге арналған тегін автобус өз жұмысын кеше бастап кетті.

Фото: informburo.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.