Ұзынағашты су басып жатыр (видео)

Дерек көзі: www.azattyq.org - 28.02.20181917

Соңғы бірнеше күннің ішінде Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді су басып жатыр.
Алматы облысы Жамбыл ауданының билігі Ұзынағашта төтенше жағдай жариялады. Алматы облысының Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.
Аулаларын су басқан үйлер санынан бірінші орында Ұзынағаш тұрса, екінші орында 82 жағдай тіркелген Қарасай ауданы тұр. Талғар ауданында да 62 ауланы су басқан.Әлеуметтік желілерде су басқан ауылдардың видеолары күн санап артып келеді. 

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.