Арыстанбек Мұхамедиұлы - алаңғасар министр (видео)

Дерек көзі: www.azattyq.org - 15.05.20182901

Видеода ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ бір шараға келген президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ қарсы алады. Қазақтың ұлттың киімін киіп алған қыз-жігіттер бастарын иіп мемлекет басшысымен сәлемдеседі. Президентке төселген арнайы қызыл кілемге мәз болған министр де шығып кетеді. Президентпен біраз қатар жүрген министрді Нұрлан НЫҒМАТУЛИН тоқтатады.

Үкімет отырысында мемлекет басшысына «Нұрсұлтанович» деген министр Алматыда ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем біріншілігінде мемлекеттік әнұранның орындалып жатқанына қарамастан жүлдегерлер тұрған тұғырға шығып кеткені де ел есінде. Бұл жолы алаңғасар министр президентпен қатар қызыл кілем үстіне бір-ақ шығып кеткен.


https://www.youtube.com/watch?v=4cJKGrW_aaM

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.