Азат ой: Қазақтан шыққан тұңғыш модель

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2019582

Дүниежүзіне әйгілі дизайнер Кристиан ДИОРДЫҢ сән әлеміне келіп, бренд жасуының өзі бір тарих. Соғыстан соң, елдің еңсесін эстетика және әдемілік арқылы көтеру саясаты басталған еді. Бұл идея әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Ал сол жылдары әйгілі дизайнердің шабытына қанат бітірген қазақтың қызы екенін білесіз бе? Кристиан Диордың №1 моделі болған Алла Елшін туралы белгілі экономист, дипломат Берлин ИРИШЕВ «Диордың музасы» деген кітап жазды. Автор 1996 жылдан бері Францияда тұрады. 2018 жылдың жазында Б.Иришев Леон ЗЕЙТЛАННЫҢ көрмесіне барады. Көрмедегі бір сурет оның назарына ілігеді. Себебі оның бет пішіні қазақ қызына ұқсайтын еді. Сол суретті сатып алған автор ізденіп, модельдің шынымен де қазақ қызы екеніне көз жеткізеді. Архив құжаттарын ақтарады. Ұлымен кездеседі. Алла Елшіннің отбасы қазақ жерінен Қытайға өтсе керек. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алла Елшін  Францияда партизан болған.Соғыс біткен соң, К.Диордың моделі болған. Ол - қазақтан шыққан тұңғыш модель.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.