Исматулла тақсырдың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.02.2019615

Аудиоподкастымыздың өткен шығарылымында Исматулла Әбдіғаппар келер қарсаңдағы Қазақстанның жалпы діни аһуалы жайлы айтылған болатын. Аудиоподкастымыздың бүгінгі шығарылымы – Исматулланың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы жайлы. Исматулла Әбдіғаппар Қазақстанға келе салып, Қарасудағы мешіттен медресе ашып, онда мүридтер тәрбиелей бастайды. Полиция жасағының медресені басып алуына себеп болған жағдай (0:33); Шілхана-медреседе күштеп ұстап отырған біраз адамның бостандық алуы (1:01); Бұдан кейін Исматулла тақсырдың азаматтық алмағандығы, сондықтан, қудалауға ұшырауы, белгісіз күштер арқылы Қазақстаннан қашып шығуға талпынуы жайлы (6:52) және діни-саяси тартыстардағы Исматулла тариқатының рөлі төңірегінде сөз болады.   Исматулла жамағаты салатын жария зікірге деген өзге ағымдардың, ҚМДБ-ның, ІІМ-нің көзқарасы мен қатынасы да (3:50) осы бөлімде айтылады. Мақаланың жалғасында басы дауға қалып, шетелге қашып кеткен Исматулла Әбдіғаппардың Қазақстанға қайта оралуы жайлы айтылады. Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді! Тексті оқыған Алмас НҮСІП. Фото: time.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.