Қазақстандағы діни идеологиялардың халықаралық байланысы

Дерек көзі: www.azattyq.org - 21.02.2019711

«Жас алаштың» аудиоподкастының өткен шығарылымында Қазақстандағы сопылық ағымның күйреуі жайлы сөз болған. Бүгін еліміздегі діни ағымдардың халықаралық байланысы жайында айтылады. Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ зерттеу еңбегінің бүгінгі бөлімінде ағымдардың пайда болуы, оның ішінде суфизм, сәләфизм, шиизм сияқты діни идеологиялардың қандай мақсатта құрылғаны (0:29); кейбір ағымдардың әлі күнге ашық қудаланбай жатуына халықаралық саясаттың ықпалы (2:11); олардың арасындағы тартыстар мен жаулық мүдделер (3:50); Қазақстандағы діни ағымдардың халықаралық байланыстары (4:59); шииттер мен сопылардың ұқсастықтары; 362 әулие аңызының шығу тарихы (13:15); Қожа Қазақстандағы әулиелік наным-сенімдердің түп төркіні (14:50), Ахмет Ясауи мен оның кесенесіне қатысты аңыздардың шығу тарихы (24:43), т.б. мәселелер сөз болады. Иран Ислам республикасы, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Қытай сияқты елдердің Қазақстандағы діни идеологияларға әсері де осы соңғы бөлімде айтылады. Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді! Фото: ult.kz Тексті оқыған Алмас НҮСІП Аудиоподкастың өткен шығарылымдары:
  1. «Тұрарбек Құсайынов: Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді?»
  2. Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді? (жалғасы)
  3. Исматулла тақсырдың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы
  4. Исматулланың Қазақстанға жасаған екінші жорығы
  5. Исматулла тариқатының қоғамды шырмауы
  6. Қазақстандағы сопылық ағымның күйреуі

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.