Бүгінгі «Жас Алашта»: Мырзахметов мықты ма, әлде Ноғаев мықты ма?

Дерек көзі: www.azattyq.org - 18.09.20188304

«Жас Алаштың» 74-санына шыққан кей мақалаларға қысқаша шолу Үшеудің хаты және қызыл қаламгерлер Қарт жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті Жаңаөзен оқиғасына қатысты ащы шындықты айтып, пікір білдірген аз адамның бірі ретінде білуші едік. Сөйтіп, таудай көріп жүрген қариямыз Шаханов пен Исабековке қосылып баяндамасын орысша оқыды. Енді қайттік? Бұл неден? Бұ кісілер неге бұлай тез өзгеріп сала береді? Кешегі ұлт, тіл туралы айтқан сөздері, жалынды ұрандары қайда? Әлде ол елге ғана керек, қаламгерлердің өздеріне керексіз нәрсе ме еді? Сан сауал тұрды. Жауабын таппас та едік, егер үшеудің жазған хаты болмағанда. Түнеугүні аса белгілі бір жазушы аса белгілі үш қаламгердің қолы қойылған, жоғарғы жаққа жазған хатын әкелді. Хат орысша жазылыпты. Орысша жазылған ашық хатты аудармай басуымыз керек екен. Қазақ газетіне қазақтың аса белгілі жазушысы орысша мақала алып келіп, оны бастыруға талап етеді. Жеткен жеріміз осы екен!..

Енді кімге сенеміз?

Мырзахметов мықты ма, әлде Ноғаев мықты ма? Әкімдер команда жинаумен әлек Әкімдер «команданы» не үшін жинайды? Қол астында мамандар армиясы тұрса да, неге сырттан кадр әкелуге құмар? Әрине, ең алдымен аузымызға түсетіні – жұмысты жаңаша жүргізу үшін басқа жақтан тәжірибелі басшылар шақырады. Бірақ осыдан нақты нәтиже бар ма? Облыс әкімі өз орынбасарын ілестіре келіп, ол басқарма басшысын әкеліп, онысы бөлім басшыларын ауыстырып, опай-топайын шығарып, бәрі қызметке қарық болып, бәрі қызметтік пәтерде тұрып, қызметтік көлік мініп, бір-екі жылдан кейін келген жағына кетіп қалу үйреншікті үрдіске айналып бара жатқан жоқ па? Шыны керек, мұндай «көшпелі кадрлардан» облыс қазынасының ортайғаны болмаса, нақты пайда болмай тұр. Осыдан кейін ел ішінде әкімдер төңірегіне сенімді адамдар жинау арқылы басқа да жасырын ойлары бар ма деген әңгімелердің айтылатынын жасыра алмаймыз Әдеби сын Тазалықтың өлшемі еді тас монша... Әңгімедегі ерекше образ, менің тілге тиек еткім келген екі кейіпкердің бірі –  осы Ақжан. Тәнін ғана емес, жанын да әбілет, нас басқан ауылдастарынан ерекшелігі – Ақжан үстіне кір жуытпайды. «Сенбі сайын түнде тас моншаға жуынып қайтатын» ол «жынды қатын» атанған. Зұлым пейіл дүлей топтың құрбаны болып, ары тапталған Ақжанның барлық әрекетінен сиқы кеткен қоғам мен рухани азған адамдарға деген қарсылық білінеді. Азғындық пен дүлей күш Ақжандай періште жаратылысқа аяушылық білдірмеді, шексіз азап шектірді, тәнін де, жанын да қинады. Кино Айка Ал Алматы халықаралық кинофестивалінің шымылдығын ашқан «Айканы» Республика сарайына лық толы адам көрсе де, Канн фестиваліндегідей қошемет көрсетпеді. Нәумез. «Е, Құдай, Мәскеуде қаңғып жүрген қайдағы бір қырғыз қыздың өмірін әлдеқандай етіп...» дегендей көңіл күй байқалды. Далаға шықсам, театр және кино актері темекі тартып тұр екен. Қасында жас актер Тәуекел Мүсілім тұр. Бойы биік, сымбатты, аппақ тістері ақсия күледі. Тәуекелге қарап тұрып біздің көрермен «Айка» секілді шынайы өмірді өнерге айналдыра білген киноны неліктен қабылдай алмайтынын түсінгендей болдым. Бізге проблема көрсететін кино емес, әдемі, сұлу актерлер ойнайтын, бай-бағландардың шынайы өмірден тым алшақ жатқан ертегі секілді фильмдер керек екен. Спорт Кәсіпқой бокс Кеш майдан еш болды ма? Арада бір-екі күн өтіп, алғашқы әсер сәл суыған кезде, Головкиннің кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жеңілісінің себебін талдап көрмекпіз. 1-себеп. «Зор майданға» Головкиннің қолы кеш жетті 2-себеп. Головкин осы кездесу үшін екі рет кері шегінді 3-себеп. Головкиннің командасы тағы да дәрменсіз болды   Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз! Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады. Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі: Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз. Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.    

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.