«Жемқорлықпен күресу үшін оралдым»

Қайсар Қауымбек - 30.05.201913729

Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили бір жыл өтпей Украинаға қайта оралды. Саясаткер күшпен саяси иммиграцияға кеткен еді. Бүгін ол Украинаға оралды.  

28 мамыр күні президент Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ Саакашвилиге азаматтығын қайтарған еді. 2004-2013 жылдары Грузияны басқарған Михаил Саакашвили 2015 жылы Украина азаматтығын қабылдаған. Ол 2004 жылы Украинадаға болған түрлі-түсті төңкерісті қолдаған. 2014 жылғы Евромайданды да қолдап, биліктің ауысуына белсенді түрде ат салысқан.

Қашқын президент Виктор ЯНУКОВИЧТЕН кейін билікке келген Петр ПОРОШЕНКО 2015 жылы грузиялық реформатор саясаткерді Одесса облысының басшысы етіп тағайындайды. 2016 жылы үкіметті жемқорлықпен күресіне кедергі жасады деп айыптайды. Артынша өз еркімен қызметінен кетеді. 2017 жылы 28 ақпан күні «Рух новых сил» саяси партиясы ресми түрде тіркеледі.

«Мен кек алу үшін. Біреуді жазалау үшін оралғаным жоқ. Бұл менің стилім емес. Қолымнан келетін істі жасау үшін келдім. Одессада жасатпаған шаруаларыммен айналысамын», - деді Саакашвили журналисттерге.

Фото: currenttime.tv

Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Максат Батыркул 04 Маусым, 2019

СНГ дагы ен мыкты политиктардын бири

Жауап беру