Челси чемпион!

Нұрболат Әлдибек - 30.05.20191272

Лондон қаласының қос командасы Арсенал мен Челси арасындағы ойынға италиялық рефери Джанлука РОККИ төрелік етті. Алғашқы есеп екінші тайымның 49 минутында ашылды. Оливье ЖИРУ Челсиді алға шығарды. Алпысыншы минутта Эден АЗАРДАН пас алған Педро РОДРИГЕС есепті 2-0 жеткізді. Арада төрт минут өткенен кейін Эден Азар пенальтиден гол соқты.  69 минутта Ивоби АЛЕКС гол соғып Арсенал жанкүйерлеріне үміт сыйлап еді, ойынның 72-минутында белгиялық жартылай қорғаушы Челсидің төртінші голын соқты.

Осылайша 1971 жылы пайда болған футбол турнирының жеңімпазы Челси командасы. Маурицио САРРИ жаттықтыратын клуб 2013 жылы да Лига Европасын жеңген еді. Ол кезде Челси финалда португалиялық Бенфиканы 2-1 есебімен ұтқан.

Фото: betslive.ru

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.