Сенсация! Испанияны басып оздық

Асмира Ермекқызы - 30.05.2019915

Әлемдік рейтингте Қазақстан «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» көрсеткіші бойынша 10 ұпайға көтерілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның аталған деңгейге көтерілуіге мына факторлар ықпал еткен: «Экономиканың жағдайы» (+4 позиция), «Үкіметтің тиімділігі» (+4), «Бизнес тиімділігі» (+5).

Анықтама: Әр индикатор бірдей салмаққа ие. Есепте Біріккен Ұлттар Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Дүниежүзілік Банк, Халықаралық Валюта Қоры және басқа да институттар, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша 57 серіктес мекемелері бар халықаралық ұйымдардың деректерін пайдаланады. Осы зерттеулермен айналысатын елдердегі іскерлік ахуал аналитиктердің пікірлері, ірі корпорациялардың басшылары мен басқарушы мамандардың пікірлері негізінде бағаланады.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстанның позициясының айтарлықтай жақсаруына «Сауалнама» деректері негізінде есептелетін «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» индикаторы арқылы қол жеткізілді (респонденттер компаниялардың бизнес көшбасшылары).

Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 39-орыннан 10-орынға көтеріліп, 29-шы орынға ие болған.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми сайтында «2019 жылы Қазақстанның осы көрсеткіш бойынша нәтижелері жақсы, себебі 2008 жылдан бері ел IMD рейтингінде» делінген.

Бұл ТМД елдерінің арасында жақсы нәтиже. Сонымен қатар, Қазақстан Оңтүстік Корея (30-орын), Израиль (32), Қытай (35), Испания (40), Чехия (41) сияқты елдерден алда келеді.

Сайтта мұндай көрсеткішке Қазақстан тұңғыш президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жүйелі бағдарламасы аясында жеткені де жазылған.

Фото: veseloeradio.ru

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.