«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі - 30.05.20196990

Белгілі журналист Дархан ӘБДІК 9-маусым күні өтетін президенттік сайлауға бармайды. Бұл туралы ол Qajet youtube арнасына берген сұхбатында айтты.


«Президентікке үміткер кандидаттардың ешбірін қолдамаймын. Және дауыс беру үшін сайлауға бармаймын. Мен бұл саяси доданы сайлау деп есептемеймін. Бұл бар-жоғы имитация. Әділ сайлау болса барар едім», - деді журналист.  

Журналист бүгінгі қоғам, журналистика, т.б.  салалар бойынша өз ойымен бөлісті. Журналист уағыз, насихат айтумен айналыспай, әр нәрсеге сын көзбен қарауы тиіс. Бүгін журналистер пропагандамен айналысып жатыр. Бірақ олардың әсері күннен күнге әлсіреуде. Интернет азаматтық қоғамның қалыптасуымен диктаторлық режимдерді құлатады дейді журналист.

«Қазақ хандарының бір әулеттен сайлануы ол біздің сорымыз. Азаматтық қоғам болмады. Адамдарды қабілетіне қарай сайлаған жоқ. Қанына, әулетіне қарап сайлады. Даму феодалдық сана құлағаннан кейін барып басталады. Әлемдегі өркениетті елдердің бәрі парламенттік мемлекет. Халық мемлекеттің жұмысына ортақтасқанда даму басталады. Қазіргі жүйе өзінің құлап бара жатқанын сезіп тұр. Сондықтан агрессиясын шығара береді. Мысалы ит қорыққанда үреді, жылан да қорыққанда шағады», - деді Дархан ТӨЛЕНҰЛЫ. 

Фото: xsongs.net




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Гульзира 04 Маусым, 2019

Ондай сайлауга карсы болсаныз барып турып бюллетенди сызып тастаныз. Сиз бармасаныз сиздин орнынызга "дауыс" берип кояды. Бармаган арекетиниз терис арекетке акеледи.

Жауап беру